iPhone 12-нің бағасы қанша?

iPhone-ның жаңа моделі бұрынғы Apple смартфондарына қарағанда қымбаттау болмақ. Мұны компанияның аналитигі Джеффа Пу (Jeff Pu) хабарлады.

Маманның сөзіне қарағанда, 5,4 дюймды iPhone 12-нің бағасы iPhone 11-ден 50 доллар қымбаттау болмақ. Шамамен бағасы – 749 доллар. Жаңа Айфонға 5G-технологиясы мен OLED-матрицасы орнатылғандықтан, оған кеткен шығынды өтеу үшін компания бұл өнімін қымбатқа сатуды ойлап отырған көрінеді.

Алайда Пудың айтуынша, Apple қолданушылары бағаға көп қарамайды, сондықтан қымбат өнімді алуға дайын.

Аналитик жаңа Айфонның басқа девайстері қанша тұратынын айтқан жоқ. Журналисттердің болжамынша, 6,1 дюймды iPhone 12-нің бағасы 799-849 доллар шамасында болмақ.

Айта кеткен жөн, жақында Apple компаниясының инсайдері Мин-Чи Ко (Ming-Chi Kuo) iPhone 12-нің қорабында құлаққап пен қуаттау құрылғысының болмайтынын айтқан еді. Компания мұндай қадамға жаңа Айфонды құрастыруға кеткен шығынды өтеу үшін барған.

Бөлісу: