Бахрейнде коронавирусты 90 пайызға жоятын робот құрастырылды

Бахрейнде коронавирусты 90 пайызға жоятын робот құрастырылды

Бахрейнде белгілі бір аумақтағы коронавирус пен басқа да микроорганизмдерді жоюға қабілетті робот сынақтан өткізіліп жатыр. Құрылғы вирусқа қысқа толқынды ультракүлгін сәулеленуді қолдана отырып реакция жасайды.

Daily Mail хабарлағандай, робот микроорганизмдердің мембранасын бұзып, 30 минут ішінде олардың 90 пайызын жояды. Мембраналардың бұзылуы нәтижесінде организмдердің ДНҚ-сы ыдырайды. Робот жұмыс істеп тұрған кезде бөлмеде адамдар болмауы керек, өйткені одан шыққан жарық адам ағзасын да зақымдауы мүмкін.

Робот сонымен қатар 12 тілде сөйлейді, дене температурасын өлшейді, дауыстық командаларға жауап береді және бетті тану технологиясын қолданады.

Англия шығыс университетінің профессоры Пол Хантер ультракүлкін сәулесі көптеген вирустарға қарсы тиімді құрал екенін және кеңінен қолданылатынын айтады. Атап айтқанда, ауыз суды зарарсыздандыру үшін ультракүлгін сәулесі қолданылады.

Қазіргі уақытта робот өндірістік жағдайда сынақтан өтіп жатыр. Бұл уақытта роботтың екі данасы Бахрейндегі медициналық мекемелерде қолданылуда.

Аумақты ультракүлгін сәулені қолданып зарарсыздандыруға және жоюға арналған мұндай құрылғылар АҚШ, Қытай және Данияда бұрыннан өндірілгені атап өтілді.

Бұған дейін АҚШ-тағы Бостон университетінің ғалымдары арнайы шамдардың ультракүлгін сәулесі коронавирусты тез жоя алатынын анықтаған. Олардың эксперименті көрсеткендей, аумақтың бір шаршы сантиметрі үшін 22 мегаджоуль сәулелену вирусты 25 секундта 99,9999 пайызға жояды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді