Онлайн-олжа: Видеоны қысқартатын онлайн-сервистер

Онлайн-олжа: Видеоны қысқартатын онлайн-сервистер
Фото: dribbble.com/IlyaSedykh

Көлемді видеоның тек 15 секунды керек болғанда оны қысқартудың ең тиімді тәсілі – онлайн қысқарту. Назарыңызға ең танымал екі онлайн-сервисті ұсынамыз.

1. Video Cutter 123 Apps

Файлды компьютерден, бұлттан немесе URL арқылы жүктеп, таймлайнда керек үзіндіні белгілеу керек. Содан кейін видео сапасын таңдап, тегін жүктеп алуға болады.

2. Ezgif.com

Мұнда да видеоны компьютерден немесе URL арқылы жүктеп, cut video батырмасын басып, керек үзіндінің уақытын көрсетіп сақтауға болады. Одан бөлек видеоның пішінін өзгерту, кері айналдыру, дауысын өшіру, жылдамдығын өзгерту, субтитр қосу, GIF форматқа ауыстыру сияқты функциялары бар.

Massaget.kz