Онлайн-олжа: Glyphy.io – Unicode-символдар жинағы

Онлайн-олжа: Glyphy.io – Unicode-символдар жинағы
Фото: lifehacker.ru

Дизайнер Кай Карденас (Cai Cardenas) мәтінмен жұмыс істейтіндерге ыңғайлы, қарапайым Glyphy атты сайт жасаған. Мұнда көп қолданыла бермейтін Unicode-символдарды бір рет шертіп көшіріп алуға болады. Енді "ұзын сызық", "градус белгісі" деп гугылдатудың қажеті жоқ.

Принцип өте қарапайым: керек символды тауып алып (олар түріне қарай топтастырылған), көшіру үшін бір рет шерту керек. Ыңғайлы болуы үшін сайтты таңдаулылар бөліміне сақтап қоюға болады. Сайт мобильді құрылғыға да бейімделген.

Сайтты жасаушы кез келген пернетақтада бар символдарды қосып, толтырмаған. Болашақта жинақта өзге де пайдалы символдар пайда болмақ.

Glyphy.io – Unicode-символдар жинағы

Өзге де онлайн-олжалар

Massaget.kz