Инженерлер "түнгі күн батареяларын" ойлап тапты

Инженерлер  "түнгі күн батареяларын" ойлап тапты
Фото: Shutterstock

Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің инженерлері күн энергиясымен түнде жұмыс істей алатын электр генераторы жасап шығарды.

Құрылғының құпиясы мынада - күн батқаннан соң жер, үй секілді басқа да заттар тәулік бойы алған күн жылуын қайта сыртқа шығарады. Жылуды шығарғаннан соң олар ауа температурасынан әлдеқайда салқындай түседі. Осының салдарынан түні бойы ауа температурасы нөлден төмен болмаса да шөптің бетінде қырау пайда болуы мүмкін. Дәл осы температурадағы айырмашылықтарды құрылғыға пайдаланған. 

Инженерлер құрылғыны жасау барысында ғимараттың шатырына генераторды орнатып, оған кернеуді түрлендіргіш пен жарықдиодты шамды жалғаған. Сынақ сәтті өтті. Тәжірибе нәтижесінде 25 милливатты құрайтын электр тогы алу мүмкін болды. Бірақ та зерттеушілер үшін маңыздысы тәжірибені сәтті өткендігінде. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта бірнеше сәтті тәжірибеден соң электр тогының қуаттылығын 20 есеге арттыруға болады.

Зерттеушілер жаңа ойлап табылған құрылғының артықтылығы көп екенін айтты. Мысалы, бұл құрылғы қайта қалпына келетін энергия көздерін тұрақты пайдаланатын үйлерде түн мезгілінде электр тогы жетіспеушілігінің алдын алады. 

А. Рысдәулет