Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / HUAWEI P40 смартфондар сериясы – мобильді фотографияның жаңа кезеңі

HUAWEI P40 смартфондар сериясы – мобильді фотографияның жаңа кезеңі

HUAWEI P40 смартфондар сериясы – мобильді фотографияның жаңа кезеңі

HUAWEI Consumer Business Group флагман смартфондар сериясын таныстырды, оған HUAWEI P40 Pro+, HUAWEI P40 Pro және HUAWEI P40 модельдері енген. Жаңа құрылғылар озық технологиямен, жаңа камералармен жабдықталған.

HUAWEI P40 сериясы фотосурет пен видеороликтердің жоғары сапасын қамтып, HUAWEI P желісінің дәстүрін жалғап келеді. Диагоналі 1/1.28 дюйм сенсор мен біріктірілген 2.44 нм пиксель ұяшықтар жарықты барынша көбірек қамтып, анық суреттер түсіруге мүмкіндік береді. Объективтің жетілдірілген перископ конструкциясы 10 еселенген оптикалық зум жасауға себеп болды. Жаңа серияның барлық моделі Kirin 990 5G процессорымен жұмыс істейді, 5G байланыс желісін және Wi-Fi 6 Plus стандартын қабылдайды. Аппарат компоненттері шағын корпусқа жинақталған, ол видеоның бірқалыпты көрсетілуін және сенсор байланысының жайлы болуын қамтамасыз етеді.

Мінсіз дизайн

HUAWEI P40 Pro мен HUAWEI P40 Pro+ экранының жақтауы сүйір (Overflow Display) етіп жасалған. Майыса дөңгелектенген төрт жақтауы да жайлы визуал кеңістік пен жап-жақсы эргономика жасайды. Экранға бекітілген саусақ ізі сканері осының алдындағы серияға қарағанда 30% жылдамырақ биометриялық идентификацияны қамтамсыз етеді.

HUAWEI P40 Pro мен HUAWEI P40-тың өзінше кербез тұлғасы өзгелерден ерешелеп тұр. Олар үш түсте саталады: жылтырақ күміс, қанық көк және қара, сондай-ақ олардың классикалық екі түрі бар: аязды ақ және қызғылт. HUAWEI P40 Pro+ смартфонының керамикалық  артқы панелі нанотехнология көмегімен жасалған. Бұл модельь екі түсте жарық көреді: ақ керамика және қара керамика.

Жоғары сапалы фотосурет

HUAWEI P40 сериясының смартфондарына Leica фотокамераларының озық жүйесі орнатылған, олар үш, төрт және бес фотомодульге ие. HUAWEI P40-тың негізгі камерасы ультракеңбұрышты, кеңбұрышты және алысфокусты модульдер арқасында сапалы түсірілім жасайды. Видеоны аса сапалы етіп түсіруі үшін HUAWEI P40 Pro моделіне кинообъектив орнатылған, сонымен қатар кескін көлемін анықтайтын, 50 еселенген зумға жауапты 3D-модулі бар. Ал HUAWEI P40 Pro+ SuperZoom Array функциясына ие, ол 10 еселенген оптикалық және 100 еселенген цифрлық зумды қамтамасыз етеді.

Диагоналі 1/1.28 дюйм HUAWEI Ultra Vision жаңа сенсорында пиксельдер тобының технологиясы 2.44 нм көлемді пиксельді құрауға бейімделген. Сонымен қатар, сенсор Octa PD AutoFocus жоғары жедел фазалық фокусқа ие. Ол кеңістіктегі жарық сапасына қарамай түсіре береді. HUAWEI XD Fusion Engine технологиясы жасанды интеллект алгоритмдерін қолдана отырып, жарық нашар түсіп тұрғанда да детализацияны дәл анықтай алады.

HUAWEI P40 Pro моделі 5 еселенген оптика, 10 еселенген гибрид және 50 еселенген цифрлық зум арқасында жойылған объектілерді түсіре алады. HUAWEI P40 Pro жарық сәулелерін қабылдайтын, зум кезінде суреттердің сапасын RYYB фильтрлеріне орната алатын нарықтағы тұңғыш смартфон атанды. HUAWEI P40 Pro+ моделі жаңа перископты сызбадан құралған 100 еселенген зуммен қамтылған. Мұның арқасында жарық сәулесі бес мәрте бейнеленеді, оның жолын 178%-ке арттырып, 10 еселенген зумды қамтамасыз етеді. Жабдықталған оптикалық тұрақтылық негізгі модуль мен суперзум интеллектуал алгоритм басқармасымен жұмыс істейді. Бұл OIS+AIS үш еселенген тұрақтылық пен жарық аз кезінде фотосурет және бейнежазбаларды қолмен түсірген жағдайда оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бет терісінің түсі мен бейнесін анықтау үшін мультиспектрал сенсордың түрлі түсті температурасы мен түстерді 45%-ке дәл анықтайтын ақ түстің балансын жөндеуге қабілетті интеллектуал алгоритм жауап береді. Терең меңгеру алгоритмі жарық пен детализацияны жақсартатын оптимизацияны қамтамасыз етеді. HUAWEI P40 Pro мен HUAWEI P40 Pro+ боке әсерін ұқсататын және автофокус жұмысын қамтамасыз ететін көріністің тереңдігін анықтайтын 32 МП мен инфрақызыл камерамен жабдықталған. Фронт камера тек автопортретті жасауға ғана емес, бет-әлпетті анықтау арқылы бұғаттаудан шығаруға да жауап береді. Инфрақызыл камера арқасында биометрлік анықтау жарыққа тәуелсіз.

HUAWEI P40 сериясында алғаш рет HUAWEI Golden Snap функциясы таныстырылды. Ол интеллектуал алгоритм арқасында топтама ішінен ең жақсы кадрларды анықтайды. AI Remove Passerby мен AI Remove Reflection функциялары да жасанды интеллектіні қолданып, қажетсіз объектілерді жойып, дайын кадрлар жасауға жол ашады.

Мықты видеркамера

HUAWEI P40 Pro мен HUAWEI P40 Pro+ модельдеріндегі 40 МП кинообъективте ультра кеңбұрышты объективі, 18 мм фокустық қашықтығы, диагоналі 1/1.54 дюйм болатын, цифрлік айнасы бар камералар арасындағы 3:2 қашықтықты сақтайды. Бұл сенсор әр жеке пиксельге арналған экспозицияны жөндеуге, құрылғы кезеңінде HDR видео түсірілімін жасауға мүмкіндік береді.

Камерада қолданылған Sedecimpixel Fusion Technology технологиясы 4.48 нм суперпиксель көлеміндегі 16×1 ұяшықтарындағы пиксельдердің бірігуін (биннинг) қамтамасыз етеді. Бұл сенсордың сезімталдығын ISO51200-ге дейін арттырып, бір секунд ішінде 7680 тәртібіндегі баяу бейнежазба түсіре алады.

Сонымен қатар, HUAWEI P40 топтамасындағы смартфондар бейнежазба түсірілімі кезінде боке әсерін ұқсатады. Кең диафрагмалы объектив кезіндегі түсірілім секілді артқы көріністі бұлдырлатып, кадрдағы негізгі бейнені алып, оны ашық түсті және анық қылады. Жеке телеобъектив модуль 4K көлеміндегі бейнежазба мен жоғары көлемдегі өшірілген объекті түсіруге мүмкіндік береді. Audio Zoom функциясы HUAWEI P40 сериясындағы смартфонның барлығында бар, ол объектіні жақындатқан сайын дыбысты ұлғайта алады.

5G желісіне сымсыз қосылу

HUAWEI P40 сериясындағы барлық смартфонға Kirin 990 5G процессоры орнатылған. 5G байланысы жоғары энергетикалық тиімділіктің, жасанды интеллект кезіндегі жоғары өндірістің және кең тараған 5G жиілікке кепілдік береді. Құрылғының алдыңғы топтамаға қарағанда пішіні жинақы. HUAWEI P40 Pro мен HUAWEI P40 Pro+ модельдеріндегі жаңартылған 90 Гц жиіліктегі дисплей бар, ол жетілдірілген графика модульдерімен басқарылады. Сонымен бірге, бұл топтамадағы құрылғылар 160 МГц жиіліктегі 2400 Гбит/с жылдамдыққа дейінгі Wi-Fi 6 Plus стандартына бейімделген. HUAWEI P40 Pro+ моделінде 40 Вт қуаты бар HUAWEI SuperCharge сымсыз қуат алу мүмкіндігі бар.

Бұл құрылғыға қосылған технологиядағы "Мультискрин" функциясы Windows ДК мен Android платформаларымен байланыс орнатады. Смартфонда сақталған файлдарды жеке компьютерде ашып,  Windows қосымшаларын көшіріп, қабылдап, өзгертуге болады.

Әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан қосымша жасаушы мамандармен тығыз қызмет ете отырып, HUAWEI қолданушылары HUAWEI AppGallery ресми дүкені арқылы түрлі қосымшалар таба алады. Қолданушылар назарына HUAWEI Video, HUAWEI Music мен HUAWEI Reader, кітапхана секілді қосымшалардағы түрлі ақпарат ұсынылған. Ақпарат әрдайым HUAWEI компаниясымен бірге тұрақты қызмет ететін серіктестердің арқасында толықтырылады.

HUAWEI P40 Pro+ бас моделінде қосымша сыйлық ретінде Swarovski тастарымен безендірілген смартфон қаптамасы беріледі.

Ал HUAWEI P40 топтамасымен бірге HUAWEI компаниясы сатылымға HUAWEI WATCH GT2e ақылды сағаттарын, HUAWEI Sound X динамигін және қолданушылардың күнделікті өмірінің жайлылығын қамтамасыз ететін жаңа өнім HUAWEI X GENTLE MONSTER Eyewear көзілдірігін шығарды.

Серіктес материалы

 
0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 30 наурыз, 21:33
Тегтер: Huawei, Huawei P40,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->