Джеймс Бондтың көлігі 6,4 миллион долларға сатылды

Джеймс Бондтың көлігі 6,4 миллион долларға сатылды
Фото: vk.com

Джеймс Бондтың 1965 жылы жасап шығарылған бірнеше тыңшылық функциясы бар Aston Martin DB5 автокөлігі АҚШ-тың Монтерей қаласындағы Sotheby бәссаудасында 6,4 миллион долларға сатылды. 

Әлемдегі ең танымал автомобиль Джеймс Бонд туралы фильмдерді жарнамалау үшін арнайы жасап шығарылған. Бірақ ешқашан фильм түсірілімінде қолданылмаған. 
Автомобильге мемлекеттік нөмірді өзгертетін механизм, ашылып-жабылатын, оқ өткізбейтін перде, катапульт жасайтын орындық, дөңгелектерді жаратын құрылғы және түтінді граната ататын арнайы жүйе орнатылған. 

А. Оралқызы