Neuralink: Адам миы мен компьютер байланысы

Neuralink: Адам миы мен компьютер байланысы

Илон Маск 2017 жылы Neuralink атты стартабын бастады. Жоба кезең-кезеңімен іске асып келеді. Оның кезекті өнертабысы адам миы мен компьютер байланысына арналған. 16 шілде күні Маск Neuralink "жіптерін" таныстырды. 

Neuralink мақсаты – сал болып қалған адамдардың миына "жіп" жалғап, компьютер мен смартфонды қолдануға мүмкіндік беру. Сол арқылы адамдар ой еңбегімен мәтін теріп, интернетті ақтара алады.

Технологияның миға зияны барынша азайтылған. Иілгіш, өте жұқа жіптер арнайы ине көмегімен миға орнатылады. Оның қалыңдығы адам шашынан да жұқа – 4-6 микрометр. Электродты жіптер имплантациядан кейін ми белсенділігін бақылап, деректерді құлақ артына орнатылған құрылғыға жіберіп отырады. Ол құрылғы деректерді компьютерге жібереді.  

©Neuralink

Neuralink бір минутта алты жіпті миға орната алатын нейрохирургиялық роботты да жасап шығарған. Робот адамның қантамырларын зақымдап алмау үшін, жоғары сапалы оптика пайдаланады. Импланттарды бас сүйектегі 8-миллиметрлік төрт тесіктен өткізеді. Болашақта жіптер наркоз көмегінсіз лазер арқылы орнатылуы мүмкін. 

Neuralink зертхана тышқандарына 19 ота жасаған. 87% жағдайда жіптер сәтті орнатылған. Компания презентацияда тәжірибедегі тышқанның біреуін көрсетті. Оның басына USB-C-порт компьютерге ми белсенділігі жайлы ақпаратты жеткізіп жатыр. Оның жылдамдығы қазіргі құрылғылардан гөрі он есе жылдам.

Бірақ Type-C – нейроинтерфейстерге оңтайлы нұсқа емес. Сондықтан болашақта компания N1 атты құлақ артына орнатылатын чипті қолданбақ.

N1 чибі ©Neuralink

 

Адамға тым кішкентай, миға тым үлкен чип 

Қазірдің өзінде приматтар Neuralink технологиясымен компьютерді басқаруға қабілетті. Келесі жылы Neuralink тәжірибені адамдарға жасап көрмек, ол үшін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасының рұқсаты керек. 

Маск презентацияда: "Болашақта миллиондаған адам өз ағзасын кибернетикалық тұрғыда дамытып, имлантацияланған чиптер көмегімен сандық ақпарат алмасып немесе шетелдік бір тілді миына құя алады. Бұл біртүрлі естілетін шығар, бірақ болашақта біз жасанды интеллекітімен тығыз байланыс орната аламыз. Бұл міндетті дүние емес, адамзаттың қалауындағы нәрсе", - деді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды