Google поштаңызды кімдер оқуы мүмкін?

Google поштаңызды кімдер оқуы мүмкін?
Фото: massaget.kz, theapplepips.com

Google компаниясы қолданушы пайдаланған күмәнді ресурстар жеке пошта мәліметтері мен хаттарды көре алатынын мәлімдеген. Gmail пошта түрлі алгоритмдер арқылы қауіпсіздік операцияларын жүргізетіні анық. Бірақ қолданушы өз бетінше түрлі оптимизация мен қауіпсіздік шараларын жасаса, артық болмайды. Мысалы сіз пайдаланған қолданбаларды реттеп отыру. Ол үшін мына төрт қадамды орындасаңыз жеткілікті.

1-қадам

Пошта жәшігіндегі профиль суретін басып, "Google есептік жазбасына" өтіңіз. 

2-қадам

Қосымшалар тізіміндегі "Жүйеге кіру және қауіпсіздік" бетін басыңыз.

3-қадам

Баптаулар тізімін төмен жылжыта берсеңіз, "Есептік жазбаға кіре алатын қолданбаларға" тап боласыз. Әрі қарай "Қолданбаларды басқару" тетігіне өтіңіз. 

4-қадам

Пайда болған бетте бұрын сіз пайдаланған қосымшалар, ресурстар тізімі шығады. Олардың ішінде бұрын сіз пайдаланып, кейін қажетіңізге жарамай қалған ресурстар болуы мүмкін. Мұндайда "Кіру рұқсатын өшірген" дұрыс. Себебі кейбір сенімсіз қолданбалар теріс ниетпен сіздің ақпаратыңызды қолдануы мүмкін.

Massaget.kz