Android-смартфондар не себепті Instagram Stories-ті нашар сапада түсіреді?

Android-смартфондар не себепті Instagram Stories-ті нашар сапада түсіреді?

Соңғы уақытта Android-смартфон иелері Instagram-ға салған сторилерінің сапасы нашар деген айыптар көбейіп келеді. Әсіресе iOS-тан Anfroid-қа ауысқан қолданушылар наразы. Себебі iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар мұндай проблемадан ада. Android-смартфондардың кейбір жаңа модельдерінде сториді өз сапасында түсіруге болады, құрбан болған тек ескілеу смартфондар ғана.

Android-смартфондар не себепті Instagram Stories-ті нашар сапада түсіреді?

Бар мәселе әлеуметтік желінің софтында екен. Бағдарламалық жасақтаманың 50-нұсқасынан бері Instagram видеоны H.264 MPEG 4 part 10 кодегімен жүктейді. Дәл осы ньюанс видеоның сапасыз, кадрлары бұлыңғыр түсірілуіне кінәлі. Instagram-ның арнайы форумдарында проблеманың шешімі көрсетілмеген және әлеуметтік жеді де бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған емес.

Instagram-дағы сторилердің сапасын қалай арттыруға болады?

Камераның табиғи мүмкіндігін сториде пайдаланудың үш тәсілі бар. Смартфондардың мүмкіндігі мен шыққан уақытына қарай әрқайсының өз артықшылығы мен кемшілігі бар.

Бірінші тәсіл: Instagram-ның ескі нұсқасын орнату

Instagram-ның ескі нұсқасы сапаны жоғалтпай жариялай алады. Мысалы 47-нұсқасын жүктеп алуға болады. Кемшілігі – софттың жаңа нұсқаларындағы функциялар мен дыбыстық хаттар жоқ.

Екінші тәсіл: Видеоны Open Camera арқылы түсіру

Бұл бағдарламада Instagram-ға сай дұрыс кодекпен видео түсіруге болады. Баптаулардан MPEG4 HEVC видеоформатын таңдаса жеткілікті.

Үшінші тәсіл: GbInsta модын пайдалану

GbInsta 1.50 мод нұсқасын орнатып, видео сапасын жоғалтпай түсіруге мүмкіндік. Мод барлық смартфонға жарай бермеуі мүмкін. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар