Facebook-тың жеке криптовалютасы болады

Facebook-тың жеке криптовалютасы болады
Фото: asiaone.com

Facebook компаниясы жеке криптовалютасын шығаратыны туралы ресми хабарлады. Libra деп аталатын жобаға әлемнің ең ірі төлем жүйелері, венчурлік қорлар, коммерциялық емес ұйымдар және технологиялық фирмалар, атап айтқанда Mastercard, Visa, eBay, PayPal, Stripe, Spotify, Uber, Lyft және Vodafone қатысады деп жоспарланып отыр.

Қазір компания stablecoin атты криптовалютасын жасап жатыр. Жоба 2020 жылы іске қосылады. Қаржы қызметтерін Facebook компаниясының еншілес фирмасы Calibra көрсетеді. Facebook Messenger және WhatsApp мессенджерін қолданушылар криптовалютамен арнайы әмиян арқылы төлем жасайтын болады.

Бастапқыда Марк Цукербергтің компаниясы Libra-ны биткоин ретінде емес, электронды ақша ретінде жасамақ болған. Келесі жылы іске қосылатын Libra алғашқы кезде тек қаржыны аударуға арналады. Әзірге Facebook компаниясы криптовалюта дамыған елдерде сұранысқа ие болады деп жоспарлап отыр.

Libra жобасының мақсаты — әлемдік орталықтандырылмаған төлем жүйесін құру. Ол да доллар секілді тұрақты әрі кез келген нәрсені сатып алуға ыңғайлы болуы қажет. 

Бұған дейін Facebook қолданушыларға жарнама көргені үшін криптовалюталық ақша төлейтіні туралы белгілі болған. Жүйе ритейлерлердің бейілдік жүйесіне негізделеді Facebook Visa, Mastercard және First Data сияқты төлем операторларымен құны бір миллиард доллар болатын токен алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. The Wall Street Journal айтуынша, күндізгі аудиториясының өзі бір миллиардтан асатын Facebook төлем жүйесін енгізетін болса, нарықты түбегейлі өзгертпек.

А. Рысдәулет