Ескірген смартфонды қалай жылдамдатуға болады?

Ескірген смартфонды қалай жылдамдатуға болады?
Фото: freepik.com

Уақыт өте келе кез келген смартфонның өнімсіз жұмыс істей бастайды. Жылдамдығы бәсеңдеп, көп "ойлана" береді. Себебі смартфонда бағдарлама, файл, авономды процестер қоры жинала береді. Мұндайды көбіне бюджетті немесе ескірген смартфондардан байқауға болады. Бұл проблеманы түрлі оптимизация арқылы шешуге болады екен. Назарыңызға Massaget порталындағы "Техношолу" айдарының 5 кеңесін ұсынамыз.

Бағдарламаларды жаңартыңыз

Бағдарама жасақтаушылары әрдайым жаңартылған нұсқа ұсынып отырады. Жаңарған сайын бағдарламадағы функционалдық қателер жөнделіп, жаңа қосымшалар енгізіліп отырады. Бұл әсіресе Android-смартфондар үшін керек шара. Себебі бұл платформада смартфонның қабілетіне қатысты түрлі конфигурация фрагменттік ретпен жүйеленген.

Браузер кэшын тазартып отырыңыз

Смартфонды бір-екі жыл қолданған соң, кэштегі файлдардың үлкен қоры жиналып қалады. Кэш – жүктелген мәліметтерді сақтайтын бүркеме. Мәселен браузер арқылы белгілі бір сайтты тұрақты оқып жүрсеңіз, браузер сайттағы суреттерді сақтап қояды да, келесі кіргенде жүктеуге уақыт пен трафик құртпайды. Тұрақты қолданатын сайттар үшін кэштың пайдасы зор, әрине. Бірақ бір рет ақтарып шығып, кейін мүлде кірмей кеткен веб-сайттар да кэш арқылы жадта орын алады. Сондықтан кэшты жиі тазартып тұрған жөн.

Пайдаланбайтын бағдарламаларды өшіріңіз

Бірнеше ай бойы пайдаланылмаған бағдарламаларды өшіру керек. Олар жадта орын алып қоймай, фондағы процестердің түрленуіне араласып, смартфон өнімділігін төмендетеді. Бағдарламалар статистикасын білу үшін баптауға кіріп, олардың қолданылу жиілігін қарап шығыңыз.

Бағдарламалардың "жеңіл" нұсқасын орнатып алыңыз

Facebook, Microsoft сынды бағдарламалық жасақтама авторлары кең қолданыстағы бағдарламалардың "жеңіл" нұсқасын да қолданысқа шығарады. Олар жады аз смартфондар үшін функционалы мен көлемі шағын етіп жасалады. Жылдам жұмыс үшін түрлі графикалық элементтер, анимациялар алып тасталынған. Мұндай бағдарламалар аса көп емес, ең танымалы мыналар:

• Facebook Lite (1,3 МБ)
• Facebook Messenger Lite (7 МБ)
• Google Maps Go (175 КБ)
• Gmail Go (9,9 МБ)
• LINE Lite (6,2 МБ)
• Skype Lite (18 МБ)
• YouTube Go (9,1 МБ) 

Massaget.kz