Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Huawei P30 және P30 Pro – 2019 жылдың жаңа қаһармандары

Huawei P30 және P30 Pro – 2019 жылдың жаңа қаһармандары

Huawei P30 және P30 Pro – 2019 жылдың жаңа қаһармандары

26 наурыз күні Парижде Huawei компаниясы дәстүрлі түрде P сериялы смартфондардың (P30, P30 Pro) жаңа үлгілерін таныстырды. Huawei Consumer Business Group басшысы Ричард Ю көпшілік назарына бұрын-соңды болмаған ерекше смартфондардың қарым-қабілетін ресми айтып берді. Ендеше назарыңызға смартфондардың шағын шолуын ұсынамыз.

Екі смартфон да – былтырғы P20, P20 Pro смартфондарының ізбасары. Жылда жаңа модельдер шыққан сайын олардың мүмкіндік аясы кеңейе түсіп, құны арта түседі. Жаңа смартфондар несімен құнды?

P30 немесе P30 Pro? Айырмасы неде?

"Кіші" модель Pro-ға қарағанда аса қабілетті емес, бірақ орта сегменттегі өз бәсекелестеріне қарағанда мықтырақ. 6,1-дюймдік  OLED-экраны 2340×1080 пиксель анықтықта, минимал жақтаулармен жасалған. Флагмандық Pro модель болса, OLED технологиясы бар 6,47 дюйм экранға ие. Ені мен көлденең жақтарының қатынасы – 19,5:9 және жақтаулары иілген Dewdrop формасында жасалған. Экранына сондай-ақ Huawei Mate20 моделіндегідей саусақ ізі сканері орнатылған. Экранның мінсіз көлемі үшін Huawei бет-әлпетті тану функциясынан бас тарқан екен.

Huawei P30-да әдепкі динамик жоқ. Оның орнына компания тұңғыш рет экран астына орнатылған Huawei Acoustic Display технологиясын қолданған. 

Артқы қаптамасында айтарлықтай өзгеріс жоқ, камерофонның горизонтал проекциясы сақталған – фотоаппаратқа тән мобильді жоба. 

Ал кезекті технореволюция қайда?

Камерасында. Мұнда да Huawei халықаралық рейтингтер бенчмаркын жаулап алды. Мысалы түрлі техниканың фотографиялық қабілетін сынайтын DxOMark жаңа P30 Pro-ны тестілеп үлгерді. Еске салайық, бұған дейін бірінші позицияны 109 баллмен Mate20 Pro мен P20 Pro модельдері сақтап тұрған. Рейтингтің ендігі үздігі – 112 ұпай жинаған Huawei P30 Pro. Оның құпиясы неде?

Huawei-дің Leica компаниясымен серіктестігі P9 моделінен басталған. Неміс гиганты ХХІ ғасырда тек бір ғана люкс камерамен бәсекеге қабілетті болу қиын екенін түсініп, өзіне Huawei-ді стратегиялық серіктес етті. Қытайлық бренд арқылы инновациялық дүниелер жасауды жоспарлады. Серіктестіктің жетістіктері жемісін беріп жатыр. Мысалы P30 моделінде камералар тегіс жайыла орналастыра отырып, Huawei смартфонның әсіре үлкен көлемі мен қуатты зум-объективтер арасындағы байланысты шебер байланыстырды.

Ричард Ю біраз мысалдар негізінде Huawei-дің Apple, Samsung сияқты бәсекелестерінен фотожүйе бойынша артықшылықтарын көрсетіп берді. 10-гидридті zoom расымен қайран қалдырды: 5-тік оптикалық элементтен бөлек кескін жасанды интеллектінің көптеген алгоритмдерінен өтеді. AI-ге қатысты Ричард тек фронтал камерадағы AI HDR+ мен 32 мегапиксельді сенсорды ғана ерекше атап өтті. DxOMark P30-дың selfie-мүмкіндіктеріне 89 балл берген екен, бұл iPhone XS Max-тан 7 ұпай көп.

Одан бөлек инженерлер суреттің матрицадағы суреттің өңделуін түбегейлі өзгерткен. Егер бұған дейін бізге RGB (қызыл/жасыл/көк) сызбасы түсінікті болып келсе, қазір инженерлер одан да тиімді жүйені қолдануға ықпал етіп отыр. Онда жазыл түстің орнына сары түс өңделеді, өзіндік RYB-профиль. Мұны түсіну әсте оңай емес, бірақ өндірушілер жарық көрсеткішінің 40 процентке ұлғайғанын мәлімдеді. Жоғары жарық арқылы детализация жақсарып, паразит шулар азаяды, жарық нашар түскен жерде сәтті кадр көп болады. 

Жаңа Huawei P30 Pro соңғы алдыңғы модель Mate20-ның кеңбұрышты, 0,6 деңгейлі линзасын пайдаланған. 

P30 мен P30 Pro жайлы тағы нені білуіміз керек?

Huawei P30 Pro-ның батарея қуаттылыңы – сағатына 4200 мА. 7-нанометрлі процессор мен бағдарламалық қабықша оптимизациясының арқасында инженерлер смартфонның жұмыс уақытына 27-проценттік қуат қоса алды. Super Charge атты жылдам қуатталу протоколы 40 Ваттқа дейін ұлғайтылды, ол смартфонның қуатының 70 процентін 30 минутта толытыруға мүмкіндік береді.

Смартфон реверсив қуаттау функциясына да ие. Ол өзге смартфонға сымсыз байланыс арқылы өз қуатын бере алады. Бұл инновациялық жаңалық былтырдың өзінде Mate20 смартфонында болған еді, биыл Huawei оны одан әрі дамытып, сағат, сымсыз құлаққап, триммерлер, тіс щеткалары, қысқасы сымсыз қуат ала алатынның барлығын байланыстырды.

Р30 легі жаңа түстер конфигурацисына ие болды: Breathing Crystal – үңгір мен көлді негіз еткен ашық-көгілдір түс, Pearl White – інжудей ақ, Amber Sunrise – кәріптас түсті күнбатыс, Aurora – поляр реңкті ерекше түс және классткалық қара түс.

P30 сериялы смартфондар арнайы кеңейткіш файлдық жүйені (EROFS) қолданатын EMUI 9.1 жүйесі негізінде жұмыс істейді. Жаңа ОЖ Huawei Share OneHop атты смартфон мен ДК арасында жылдам мәлімет алмасуға ыңғайлы технологияны да қолданады. 

2019 жылдың жаңа қаһармандары қанша тұрады?

Қазақстанда Huawei P30 сериясы сәуір айының ортасынан бастап сатыла бастайды. Huawei P30-дың бастапқы бағасы – 299 990 теңге, Huawei P30 Pro 399 990 теңге тұрады. Екі смартфон да екі түсте сатылады: ашық-көгілдір және поляр реңкті. Ал 149 990 теңге тұратын бюджетті Huawei P30 lite моделі қара және көк корпуста сатылады. 

Cеріктес материалы

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Қосылған күні: 28 наурыз, 19:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.