Facebook қолданушылары енді Instagram мен Whatsapp-қа хабарлама жібере алады

Facebook қолданушылары енді Instagram мен Whatsapp-қа хабарлама жібере алады

Марк Цукерберг Facebook Messenger, WhatsApp және Instagram қолданушыларының енді бір-біріне хабарлама жібере алатынын хабарлады.

The Independent басылымының жазуынша, «құпиялылыққа бағытталған платформа» қозғалысы аясында барлық қосымшалар өзара хат алмасуға мүмкіндік алатын болады. Марк Цукербергтің айтуынша, бұл шифрландыруды жетілдіріп, мәліметтерді сақтау жүйесін өзгертуді қажет етеді.

«Facebookте хат жіберу үшін Messengerге кіру керек, Instagramда Direct, WhatsAppта WhatsApp бар. Біз қолданушыларға өз достарымен кез келген қосымша арқылы байланысуға мүмкіндік бергіміз келеді», деді Марк Цукерберг.

inform.kz


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Бүгін үш ойын өтеді