Қазақстанда Galaxy S10 сатылымы көктемнің алғашқы мейрамында басталады

Қазақстанда Galaxy S10 сатылымы көктемнің алғашқы мейрамында басталады
Фото: www.samsung.com

Samsung Galaxy S10-ң мерейтойлық флагмандық шығарылымын бірнеше құрылғымен ұсынды: Galaxy S10 негізгі моделі, Galaxy S10+ ұлғайтылған моделі, сонымен қатар, 1 Тб ішкі жадысының керамикалық үлгісі мен Galaxy S10e жалпақ экранды шағын корпусы. Жаңа шығарылым тұтынушыларды ең актуалды бағыттарында инновацияларымен әсерлендіреді: дисплей, камера және өнімділік. 

Galaxy S10 шығарылымы жаңа технологиялық дамытылған Dynamic AMOLED дисплейімен, айрықша жаңа камерасымен және интеллектуалды функциялармен жабдықталған.

Galaxy S10 экранында, тері пішінін үш деңгейде анықтайтын саусақ іздері ультрадыбыстық сканері орнатылған. Нейронды процессорлы, аса тұрақтандырғышы бар және өте кең объективке ие жаңа жүйелі камералар кәсіби фото және видеолармен қамтамасыз ете алады. ИИ-технология тұтынушылардың әдеттерін зерттеп, функциялардың тиімділігін арттыра отырып, смартфондардың жұмысын оңтайландыруда.

Қазақстанда смартфондарға алдын ала тапсырысты 21 ақпаннан 6 наурызға дейін жасауға болады. Алдын ала тапсырыс бойынша ең алғашқы жаңа тауар иелері Galaxy Buds сымсыз құлаққаптарын сыйға алады. Ол үшін арнайы сайтта көрсетілген ақпарат бойынша алдын ала төлемді жүзеге асыру қажет. Ресми сатылымдар 8 наурыздан басталады. Алдын ала тапсырыс бойынша сатып алушылар құрылғыларға 2 наурыздан бастап ие болады.

Сондай-ақ, Қазақстанда ішкі жадысы 1 Тб және жедел жады 12 Гб, сериясы шектеулі (1000 дана) GalaxyS10+ керамикалық нұсқасын сатып алуға болады. Арнайы серияны алдын ала тапсырыспен алу мүмкіндігі қарастырылмаған, бұл смартфондардың сатылымы негізгі модельдердің сатылымынан соң басталады. 

Жаңа тауарлар "аквамарин", "оникс" және "перламутр", сондай-ақ, "қара керамика" мен "ақ керамика" (Galaxy S10+ керамикалық нұсқасы) түстерінде қолжетімді болады.

Жарнама материал

А. Жапатова