Huawei смартфондарындағы жасанды интеллект жады үнемдеуге қабілетті

Huawei смартфондарындағы жасанды интеллект жады үнемдеуге қабілетті

2018 жылдың басты тренді – мобильді құрылғылардан контент тұтыну. Адамдар жаңалықты смартфоннан оқып, киноны смартфоннан көріп, шоттарды да смартфон арқылы төлей бастады. Оның барлығына қосымшалар керек, сондықтан мобильді қосымшалар нарығы дамитыны түсінікті. Бірақ қосымшалар саны сапа пайдасына қарай артып келеді. Huawei бұл үрдісті бақылап қана қоймай, оны өзінше қалыптастырып келеді.

Жалпы, мобильді қосымшалар нарығы дамып келеді: 2017 жылдың маусымында Google Play-де күніне 1 300 жаңа қосымшадан пайда болып отырды. Сонымен қатар оны тұтынатын қолданушылар да артып келеді. Қосымшалардың ескісін өшіріп, жаңасын орнату процесін ескерсек, әр қолданушыда кем дегенде үш-төрт қосымша орнатылған. Кейбірінде тіпті одан да көп болуы мүмкін. Ал олардың әрқайсын жаңартып отыру керек. Оның барлығы смартфон жұмысына, жады мен өнімділігіне әсер етпей қоймайды. Ендеше не істеу керек? Қандай шешім бар?

Сарапшылар оның шешімін жасанды интеллекттен тауып отыр. Оның болашақта смартфондағы барлық қосымшаны алмастыратын қабілеті бар деген болжамдар айтылып жатыр. Жасанды интеллект құрылғы жұмысын қиындатпайды, керісінше жылдамдатып, смартфонның ыңғайлы болуына жағдай жасайды. Ол қолданушының әдетін бақылап, соған сай шаралар қолданады. Мұндай қабілетке ие чипсет те бар – Huawei Kirin 970. Ол алғаш Mate10 сериялы смартфондарға орнатылып, әлі күнге дейін жетілдіріліп келеді.

Чипсет қабілеті көбі ойлағаннан да асып түсті. Әсіресе графикалық редактордың керек болмай, Huawei Mate20 сериялы смартфондарда Master AI арқылы баптауларды сурет кескіне қарай реттеуі таңғалдырғаны рас.

Huawei-дің HiVision инновациялық технологиясының арқасында қолданушылар мәтінді объектив арқылы лезде аудара алады. Смартфон сондай-ақ сіздің тамағыңызда қарап-ақ құрамында қанша калорий бар екенін есептеп бере алады. Осы ретте калорий есептейтін қосымшаларға қош дей беруге болады.

Соңғы 70 жылда жасанды интеллект дамылсыз дамып келеді және Huawei бұл үрдіспен қатарласып, кейді тізгінді өз қолына алып жүр. Жасанды интеллектілі алғашқы чип – бұл тек айсбергтің шыңы ғана. Бұл техногиганттың бағындыратын шынайы биік шыңдары әлі алда.

Серіктес материалы

Massaget.kz