Huawei неліктен жасанды санаға үміт артып отыр?

Huawei неліктен жасанды санаға үміт артып отыр?

Huawei – нарықта екі қағида бойынша ілгері компания: олар тұтынушы пікірлерін ескереді, зерттеулерге айтарлықтай инвестиция салады. Сондықтан Huawei өнімдері жаңа смартфон, ноутбук немесе құлаққап болсын, бәріне танымал: компанияның өкілдері өздерін тұтынушыларға ерекше тартымды және жоғары технологиялық өнімдер мен қызметтерді өндіруші ретінде сипаттайды. 

Huawei инженерлері балалық шағында оқыған фантастикалық шығармалары – сымсыз технологиялар, дыбыстан да жоғары жылдамдық, жасанды сананы өмірде жүзеге асырып, болашақты өз қолдарымен құрып жатқан сыңайлы. 

Жасанды интеллект қазір қылмыскерлерді анықтап, поэзия мен музыка жасап, сіздің жұмысқа кіру, кірмеу мүмкіндігіңізді салыстыратын, тіпті дәрістер оқитын дәрежеге жетті. Біз телефон сатып аларда өмірімізді жеңілдететін жасанды интеллектінің қамқорлығына тапсырып тұрағанымызды ескере бермейміз. 

Huawei өнімдері жасанды интеллектіні пайдалану арқылы ең көп қызмет түрлерін ұсынады және оның мүмкіндіктерін түсіндірудің қажеті жоқ. Жасанды интеллект концепциясында пайдаланушыларға түсініксіз ешқандай бағдарлама жоқ: бұл сіз түсірген әр фотосуреттен көрінеді. Фокус, қозғалысты ұстау, жедел көрнекті өңдеу және кадрдың тұнықтығы түсіру батырмасын баспай тұрып-ақ дисплейде автоматты түрде реттеледі. Сіз қалтаңыздағы телефонның осындай мүмкіндіктерін білмей-ақ ең жақсы фотосуреттер мен бейнелерді түсіре аласыз. 

"Алғашқы Kirin 970 жасанды интелектілі процессорымен жабдықталған Huawei Mate10 Pro, Huawei P20, Huawei P20 Pro нағыз жаңалық болды. Алғаш рет смартфондар миллиондаған кадрлар талдауы негізінде фотоаппарат параметрлерін түсірілім шарттарына ыңғайлап бейімдейтін интеллектілі фото көмекшіге қол жеткізді", – дейді Huawei компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы PR-менеджері Олеся Колесниченко – Huawei Mate20 смарфондарына Kirin 980 процессорларының келесі буынының орналастырылуы да айтарлықтай революция болды. Осылайша өз-өзін жетілдіруге қабілетті HiVision интеллектуал көмекшісі мен видео өңдеу мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді камера қосымшасы атақты ғимараттар мен танымал картиналарды анықтай алады".

Смартфондағы жасанды сананың мүмкіндіктер аясы фото және видео түсірумен ғана шектелмейді. Ол қандай қосымшалар жиі іске қосылатындығын талдайды, хабарлар жиілігін тексереді. Сонымен бірге, автоматтандырылған бағдарламалар көрсеткішімен де бірінші орында: ол батарея қуатын қалай үнемдеу керек екенін біледі. 

Бұған әбден үйренгеннен кейін сіз өзіңіздің қалай эргономикалық қалыпқа енгеніңізді сезбей де қаласыз. "Ақылды" механикалық техниканың осындай дәрежеде оңтайландырылуы сізге жақын-жуық, сүйікті ісіңізге қалағаныңызша көңіл бөлуіңізге мүмкіндік тудырады. Бұл – сіз үшін жаратылған болашақ.

Серіктестік материалы

Т. Раушанұлы