Huawei Mate20 Pro DxOMark камерофондар рейтингінде максимал көрсеткішке жетті

Huawei Mate20 Pro DxOMark камерофондар рейтингінде максимал көрсеткішке жетті

2018 жылдың көктемінен бастап DxOMark үздік камерофондар рейтингінде Huawei P20 Pro үш камералы смартфоны топ жарды. Инновациялық бұл флагман жалпы 109 балл иеленіп, рейтинг тарихында 99 баллдан асқан тұңғыш смартфон атанды.

Былтыр қазанда компания бойына мобильді нарықтың соңғы технологияларын жиған, заманауи Huawei Mate20 Pro флагманын таныстырды. Бұл смартфонға да үш Leica камералары орнатылған: 40 мегапиксельдік кеңбұрышты объектив (f/1.8), 20 мегапиксельдік ультракеңбұрышты объектив (f/2.2) және  8 мегапиксельдік телеобъектив (f/2.4).

Біршама қолданушы енді жаңа флагманның көрсеткіштерін күтті жүрді. Нәтижесі флагманның өз деңгейіне сай болды. Huawei Mate20 Pro ең жоғарғы 109 балл иеленіп, Huawei P20 Pro смартфонымен теңесті. Смартфон фото сапасы бойынша 114 балл, видео сапасы бойынша 97 балл иеленді.

DxOMark сарапшылары Huawei Mate20-ның фото режиміндегі үш артықшылығын атап өтті: жарық нашар түскен жердің өзінде шуды азайтып түсіреді, оптимал экспозиция және дәл автфокус пен жетілген зум.

Видео режимінде Huawei Mate20 Pro-ның объектілерді қадағалап отыратын автофокусы, шебер стабилизациясы, түстерді табиғи көрсетіп, шуды азайтатын қабілеті, жағдайға қарай өзгеруге бейім экспозициясы мақтауларға ие болды.

Серіктестік матералы

Massaget.kz