Жолаушылар ұшағы алғаш рет биоотынмен көкке көтерілді

Жолаушылар ұшағы алғаш рет биоотынмен көкке көтерілді

Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі Etihad Airways әуе компаниясының Boeing 787 Dreamliner жолаушы тасымалдайтын ұшағы солеростан (сораңшөп) дайындалған биоотынмен 7 сағаттық рейс жасады. Ұшақ әуе жанармайы және биоотын қоспасымен Абу-Даби – Амстердам әуе жолын ұшып өткен. 

Биотын мен керосин қоспасынан тұратын жанармай лайнердің қозғалтқышына ешқандай ақау түсірмеген. Аталған биоотын Масдардағы (БАӘ) ISEAS компаниясында өндірілген. Бұл Boeing, Etihad Airways, Honeywell UOP, General Electric, Safran және Takreer сынды компаниялардың бірлескен жобасы.

Бүгінде әлемдегі бірнеше компания мұнай орнына болашақта пайдаланылуы мүмкін болатын биоотын түрлерін дамытуда. Табиғи жанармай ғаламдық жылынудың негізгі факторларының бірі көмірқышқыл газының ауаға таралуын азайтады.

Айта кетейік, Солерос немесе Сораңшөп (лат.Salіcornіa) – қызылқұйрық тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жер жүзінде 30 түрі бар. Теңіз, көл жағалауларында, сор, сортаңды жерлерде өседі.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар