Windows жүйесіндегі пернетақтаның пайдалы комбинациялары

Компьютер батырмалары арқылы жүздеген комбинациямен уақыт үнемдеуге болады. Егер сіз қолданатын комбинация Ctrl+C мен Ctrl+V-ден аспаса, мына топтамаға зер салыңыз, бәлкім сіздің тышқаныңыз әрең істеп жүрген командаларды екі-үш батырмамен лезде істеуге болатын шығар?! Назарыңызға компьютер қолданушылары жиі пайдаланатын әрі ең керек комбинацияларды ұсынамыз.

Браузер

Ctrl+T – браузерде жаңа парақ ашу

Ctrl+N – жаңа парақты жаңа бетте ашу

Ctrl+W – парақты жабу

Ctrl+Shift+W – браузерде ашық тұрған барлық парақты жабу

Ctrl+Shift+T – соңғы жабылған парақтарды қайта қалпына келтіру

Ctrl+Tab немесе Ctrl+PgDn – келесі параққа өту

Ctrl+Shift+Tab немесе Ctrl+PgUp – алдыңғы параққа өту

Ctrl+(1,2,3...9) – парақтың орналасу реті бойынша өту. Мысалы Ctrl+5 бесінші тұрған параққа апарады. Ctrl+9 парақшалардың санына қарамастан ең соңғы параққа апарады.

Win+D – барлық бетті жасыру

Alt+D – адрес жолын белгілеу

Ctrl+F немесе F3 – іздегішті (беттен керек сөзді іздеуге арналған) қосу 

F11 – браузерді, бағдарламаларды толық режимде көрсетеді. Презентацияда компьютерден трансляция жасағанда жақсы көмектеседі.

  Мәтін

Ctrl+Shift+V – көшірілген мәтінді стандартты форматта қою

Ctrl+I – курсив қолдану

Ctrl+B – мәтін пішінін жуан қылу

Ctrl + ← – меңзерді бір сөз артқа аттату

Ctrl + → – меңзерді бір сөз алға аттату

Ctrl + ↑ – абзацтың басына өту

Ctrl + ↓ – абзацтың соңына өту

Ctrl+HOME – мәтіннің басына бару

Ctrl+END – мәтіннің соңына бару

Ctrl+A – барлық мәтінді белгілеу

Ctrl+Shift + ← – меңзерден кері орналасқан сөзді белгілеу

Ctrl+Shift + → – меңзерден ілгері орналасқан сөзді белгілеу

Ctrl+Shift + ↑ – меңзерден жоғары орналасқан абзацты белгілеу

Ctrl+Shift + ↓ – меңзерден төмен орналасқан абзацты белгілеу

Ctrl+Backspace – меңзерден кері орналасқан сөзді өшіру

Ctrl+Delete – меңзерден ілгері орналасқан сөзді өшіру

Бөлісу: