Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Apple киім өндірісімен айналыспақшы

Apple киім өндірісімен айналыспақшы

Apple киім өндірісімен айналыспақшы

Әйгілі Apple компаниясы алдағы жылдарда "smart" (ақылды) киім түрлерін шығаруға ниетті. Бұл киімдер iPhone смартфонымен тікелей байланыстырылады. Жақында желіде осы тақырыпқа байланысты бірнеше мақала жарияланды. Алғашқылардың бірі болып AppleInsider басылымы хабарлады.

Патент алу үшін жазылған өтінішқағазда компания АҚШ аумағында матаның ерекше түрін тіркеген. Қызығы, бұл матаға жұқа сымдар жүргізілгендіктен ол ақпараттар қорын жинай алады. Сонымен қатар, киім иесінің жүрек соғысын, қан қысымы мен дене қызуын да дәлме-дәл өлшей алады. Барлық нәтиже смартфонға жолданады.

Одан бөлек, матаның көмегімен әнді қосуға, құлаққаптың көмегінсіз қоңырауға жауап беруге болады.

Желіде Apple компаниясына қатысты тағы бір жаңалық жарық көрді. iPhone смартфонындағы Siri функциясы жол апатына түскен америкалық Нэйт Феликс атты азаматтың өмірін сақтап қалған. Жүргізуші көл жағасында аударылып, байланыстың жоқтығынан Siri қызметіндегі 911 нөміріне хабарласып көмек керектігін жеткізіпті. iPhone смартфонындағы Siri ешқандай пернені басуды қажет етпестен тек дауыс арқылы да іске қосылады. Жүргізуші оқыс оқиға кезінде осы қызметтің көмегімен құтқарушыларды шақырған.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: uplift.io
Қосылған күні: 14 қаңтар, 11:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.