Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Онлайн-олжа: Instagram-парақшаңыздың түсі қандай?

Онлайн-олжа: Instagram-парақшаңыздың түсі қандай?

Онлайн-олжа: Instagram-парақшаңыздың түсі қандай?

Instagram – біреу үшін өз өмір салтының айнасы, біреуге блог-платформа, біреу үшін жай ғана өзге қолданушыларды бақылап отыруға арналған құрал. Ал енді өз парақшасында жариялаған суреттерде қандай түстер жиі кездесетіні, танымал посттардың жиынтық түсі қандай екені бәріне қызық болар?! Ендеше назарыңызға кезекті онлайн-олжа Year of Colour сервисін ұсынамыз.

Жаңа жыл қарсаңында іске қосылған бұл онлайн-сервис қолданушылардың 2018 жылы жариялаған суреттерінде қай түстің көп кездесетінін анықтауына көмектеседі. Мақсаты – жылды қорытындылайтындарға ерекше сервис ұсыну. Бірақ жоба тек Жаңа жылда ғана емес, өзге уақыттарда да жарай береді. Мысалы сервисті посттардың үйлесімін сақтау үшін блогерлер пайдаланса болады. Қолданушы өз парақшасына түстер палитрасының призмасымен қарай алады.

Сервис логин мен құпия сөзді енгізуді талап етпейді. Оған Instagram бағдарламасы немесе веб-instagram парақша жеткілікті. Оған қолданушының құпия сөзі көрінбейді. Жасанды интеллект парақшаны сырттай шолып шығып, ірілі-ұсақты түстерді таңдап береді. Негізгі басымдық көп лайк, пікір жинаған посттарға беріледі.

Massaget-тің инста-парақшасын тестілеп көрейік.

Бір қызығы, аккаунттың негізгі түсі – сұр екен. Сервис ақ-қара ескі суреттерге басымдық берген сыңайлы.

Ал мына көсеткіштерден барынша ауқымды түстерді көруге болады.

Сервиске өту үшін сілтемені басыңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: yearofcolour.com (screenshot)
Қосылған күні: 10 қаңтар, 15:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.