2018 жылдың үздік камерафондары

2018 жылдың үздік камерафондары

DxO Mark сарапшылары 2018 жылы шыққан смартфондардың ішінен ең үздік камераға ие смартфондардың тізімін жасады. Камераны бағалау үшін телефонның негізгі үш қызметіне баға берілді. Ол –  камераның жалпы сапасы, фото және виеоға түсіруі.

Осы жүйе бойынша мамандар смартфондарға баға қойды. Нәтижесінде, 109 ұпай жинаған Huawei P20 Pro смартфоны рейтингте көш бастады. Ал екінші орынға 105 ұпай жинаған iPhone XS Max жайғасты. Үздік үштікте  HTC U12+ және Samsung Galaxy Note 9 смартфондары тұр. Қос смартфон да теңдей 103 ұпайдан жинаған.

Рейтингке барлығы 31 смартфон кірген. DxO Mark мамандары ең үздік камераға ие смартфондардың тізіміне Huawei-дің Mate сериялы смартфондарын қоспады. Оған себеп, Mate сериялы смартфондар AnTuTu деректері бойынша, биылғы жылы ең көп сатылған смартфондардың алдыңғы үштігіне жайғасқан.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila