Енді «ВКонтакте» арқылы такси шақыруға болады

Енді «ВКонтакте» арқылы такси шақыруға болады
Фото: securityz.net

Әлемдегі танымал әлеуметтік желінің бірі «ВКонтакте» VK Apps платформасын іске қосқалы жатыр. VK Apps арқылы мамандар енді жеке сервистер ашып, бұл сервистердің көмегімен такси шақыруға, онлайн режимде тамаққа тапсырыс беруге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл қызметке қосымшаның шетіне орналасқан «сервис» пунктіне басу арқылы қол жеткізе алады. VK Аpps желі қолданушылары үшін керемет қызметтер ұсынып отыр.

«Сіздер енді такси шақыру, тамаққа тапсырыс беру, саяхаттау қызметтеріне желіден шықпай-ақ қол жеткізетін боласыздар», - деді ВКонтакте ұжымының өкілі Ирина Денежкина.

ВКонтакте соңғы жылдары желідегі белсенді тұтынушыларынан айырылып қалғаны рас. Компанияның бұл жолғы әрекеті, кеткен есені қайтаруға бағытталғандай.

А. Қажиев