Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Біз ешқашан қайта көрмейтін өнертабыстар

Біз ешқашан қайта көрмейтін өнертабыстар

Біз ешқашан қайта көрмейтін өнертабыстар

Ғаламшарымызда қай ғасырда да өнертапқыштар болған. Бірнеше мың жыл бұрын адамзат баласы отты қалай пайдалану керек екенін түсінгеннен бастап өнертабыстар адамзат баласының жақсы һәм қолайлы өмір сүруі үшін, өміріндегі қиындықтарды жеңілдету үшін қызмет етіп келе жатыр. Мысалы ХХІ ғасырдағы робототехника, нанотехнология жетістіктері. Бірақ әлемді өзгертіп жібере алатын өнертабыстарды ғалымдар қоғамға жаппай жариялауға мән бермеген. Сондай өнертабыстардың бірнешеуіне тоқталмақпыз.

Жаңбыр шақыратын құрылғы 

Кез келген уақытта жаңбыр шақыратын құрылғы дихандар өмірін біраз жеңілдететіні айтпаса да анық. Мэн штатындағы ғалым Вильгельм Рейх егіншілікке зиян келтіретін құрғақшылықты зерттеген. Нәтижесінде "Cloudbuster" деп аталатын жаңбыр шақыратын аппарат ойлап тапқан. Бұл машина туралы алғаш болып хабар таратқан "Bangor Daily News"-тың жазуына қарағанда сол күні ауа-райы мәліметінде жаңбыр жаумайды делінген. Бірақ Рейх аппаратты іске қосқаннан соң 10 сағат өтіп аспанды қою бұлт қаптап, қалыңдығы 0,64 мллиметр жаңбыр жауған. Бұл штаттағы дихандарды құрғақшылықтан құтқарып, егіннің бітік шығуына септігін тигізген. 

Ғалымның технологиясы үкіметтің кейбір ұйымдарына кедергі келтіргені үшін тартып алынған. Машинаның екінші сынағы өткізілмеген. "Cloudbuster" ауа райы әсерінің тиімді құралы болғанымен, қате қолдануда өте қауіпті болды. Операция кезінде түтікшелерде көп мөлшерде өлі ағза (DOR) жиналып, тіпті жалаңаш теріге тиіп кетсе адамда ауырсыну мен басқа да дене жарақаттарына алып келеді деген сылтаумен оны қайта қолданбаған.

Үйдегі ядролық энергия

Атом энергиясы әлемге ұзақ уақыт бойы үй шаруашылығында қолданатын бітпейтін энергия көзі ретінде насихатталып келді. Ядро энергиясының белгілі бір кіші бөлігі бір қаланы энергиямен қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл технологияны жасап шығару істері шындап қолға алынғанымен күтпеген жерден белгілі-белгісіз себептермен инвесторлар қаржы салудан бас тартқан. Оның жоспарлары мен сызбалары әлдебір кеңсенің тартпасында шаң басқан күйі қалып кетті.

Слооттың сандық коды 

Бұл өнертабыс 1999 жылдан бері ізім-ғайым жоғалған өнертабыс түріне жатады. Заманауи технология жетістіктерінің арқасында кодтаудың тәсілі заманауи компьютерлер мен мобильді құрылғылардың кеңістіктік және жиынтық қасиеттерін 180 градусқа өзгертіп жіберетін еді.

Нидерландтық өнертапқыш Ромке Ян Бернхард Слооттың технологиясының арқасында мәліметтерді тағы да сығып, шоғырландырып, кішірейтуге болатын. Оның тәжірибеден өткен кодтау әдісі арқылы 1 көркем фильм 8 килобайт өлшемге ие болған. Әдетте орта есеппен сапасыз фильмнің өзі 500 мегабайттан 900 мегабайтқа дейін орын алады. 

Шифрлау алгоритмінің өзі - 370 мегабайт. Слоот өз жаңалығын көрсету мақсатында 64 килобайттық чиптің ішіне 16 фильм жүктеген. Сатып алушылар мен инвесторлар оның жаңалығын сатып алу үшін кезекке тұра бастаған бір уақытта, кодты тапсыру рәсімінен бірнеше күн бұрын ғалым үйінен белгізіс жағдайда өліп жатқан жерінен табылған. Ал Слоотт кодының сыры сол күйі ашылмай кетті.

 Толық электрлі көлік (гибрид емес) 

1990 жылдардың соңында "General Motors" толық электрлі автомобильін нарыққа ұсынған. Қазір электрлі көліктер мен гибрид машиналардың мың түрі бар заманда бұл жаңалық еместей көрінуі мүмкін. Бірақ бұл транспорт түрі солардың ішіндегі ең алғашқысы еді. "General Motors" жанармайсыз жүретін 800 дана машина жасаған. Тағы да алдағы уақытта компания электрлі көліктер санын көбейтіп шығаруды жоспарлаған. Бірақ мұнай магнаттарының қысымына ұшырап жобасын тоқтатқан екен. 

Огл карбюраторы 

Аздаған жанармаймен көптеген шақырым жүруді қай жүргізуші қаламайды дейсіз. Заманауи гибрид машиналар қазір осы тәсілден пайдаланып келе жатыр. 70-жылдарда олар да механик Том Огл ойлап тапқан карбюратор алдында жіп есе алмай қалған.

1970 жылдарда біз бұрын-соңды әлем көрмеген карбюратор жасап шығарылды. Қазіргідей сол дәуірде де газ бен мұнай компаниялары нарықта монополия орнатып алған еді. Тіпті Огл карбюраторы 1 литр бензинмен 48 шақырым жол жүруге болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеп берген болса да, бұл өнертабыс жаппай өндірісте қолданылмады. Лицензиялауға қатысты бірқатар мәселелер туындағаннан кейін карбюратор сатылымға да шығарылмады. Огл болса құрылғы туралы сырды өзімен бірге қабірге алып кетті. 

Сумен қозғалатын көлік 

Бұл түрдегі транспорттың көптеген нұсқасы бар. Ешқандай машина жасап шығарушылар мұндай өнертабыс түріне ешқашан шындап қызықпаған. Солардың ішіндегі ең танымал машиналарды бірі Стэн Мейер тарапынан ойлап табылған көлік. Оның автомобильі 1 литр сумен 43 шақырым жол жүретін болған. Мейермен бірге жұмыс істеген әріптестерінің айтуынша оған бұл көліктің патенттін сату мен көлік туралы ізденістеріне нүкте қою үшін мұнай компаниялары қысым көрсеткен. Бірақ Стэн мұндай ұсыныстарды қабылдамаған. Кейін достары мен әріптестері үлкен мұнай компаниясының ұсынысын қабылдамағаны үшін оны улап өлтірді деп айтқан болса да, Стэннің ми аневризмінен қайтыс болғаны белгілі болды. 
 
Сымсыз энергия (Никола Тесла) 

Никола Тесла – мың жылда бір өмірге келетін ғажайып таланттылардың бірі десек қателеспейміз. Өнертабысының жемісін адамзат әлі дұрыс пайдалана алмай келе жатыр. Кейбір ғажайып өнертабыстар сырын ол өзімен бірге ашпай алып кетті. Артында аңыз әңгімелер мен түрлі болжамдар ғана қалды... 
 
1893 жылы Чикагода болған бүкіләлемдік көрмеде ерекше оқиға орын алады. Никола Тесла денесінен 2 миллион вольтты токты өткізіп, қолына электр шамдарын алып жағады. Мұның сырын сұраған адамдарға: "Әңгіме электр энергиясы қуатының қаншалығында емес, оған қандай жалғануда", – деуден арыға аспайды. Осы жылы толқынды радиоұзатқышты ойлап табады. Бұл дегеніміз жердің бір бұрышынан екінші бір бұрышына электрді сымсыз-ақ жеткізу еді. Ол Колорада да талай тәжрибелер өткізді. Жасанды күн күркірі, найзағай шақыру жолдарын ойлап табады. Өзі құрдырған арнайы мұнарадан біршама қашықтықтықтағы 200-ге тарта электр лампасын сымсыз-ақ жағып жиналғандарды таң-тамашаға батырады. 1895 жылы әлемдегі ең ірі Ниагара ГЭС-нің құрылысы басталады. Никола әдеттегідей бұл жерде де адам миына кірмейтін істермен жұртты таңғалдырады. Үлкен генераторларды радиотолқындарды қашықтықтан басқаратын құрылғылар ойлап табады.
 
Ең ғажабы, Тесла жұрт көзінше зертханада электр энергиясын аспанда ойнатып, шабаданына салып алады. Мұны көргендер ғалымды сиқыршыға теңейді. Никола Тесла 1900 жылы Нью-Йоркте танымал банкир Джон Пирпонтоп Морган қаржыландыруымен байланыс ғимаратының құрылысын бастайды. Оның жобасы “Wardenclyffe” деп аталып, екі мыңдай адам қатысуы керек болатын. Осыған байланысты Лонг Айленд аралында ғылыми қалашық салынады. Биіктігі 57 метрлік қызыл ғимарат тұрғызылып, ұшына мыстан жасалған қалқан тәрізді құрылғы орнатылады. Ғимарат іргетасы ретінде тереңдігі 36 метрлік шахта қазылады. 1905 жылғы сынақ жақсы нәтижелер бергенімен, кейбір себептерге байланысты жоба тоқтатылады. Осылай ғалымның тағы бір арманы орындалмай қалады. 1906 жылы Тесла электр энергиясын сымсыз 48 шақырымға дейін тарата алды. 
 
Қысқасы, Никола Тесла 86 жылдық ғұмырында электр тогын сымсыз ұзату жолын, алғашқы электр сағатын, күн көзінен қуат алатын алғашқы қозғалтқышты, электромикроскоп т.б түрлі техникаларды өмірге әкелді. Бірақ біршамасының сырын өзімен бірге ала кетті.
0
Рейтинг: +0

Фото: fagottobooks.gr
Қосылған күні: 15 тамыз 2018, 19:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.