Тамыз айында ең көп кибершабуыл орын алуының себептері

Тамыз айында ең көп кибершабуыл орын алуының себептері
Фото: 24 Канал

Тамыз айы басталғалы түрлі бағдарламаларға қауіпті вирустар шабуыл жасалып жатыр. Бұл алаңдатарлық жағдай. Вирустар шабуылы әлі жалғаса бермек пе? Бұндай олқылықтар ненің салдарынан орын алып жатыр? Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрдік.

Сарапшылардың зерттеуі бойынша, жаз мезгілінің соңғы айында жыл сайын бұл жағдай қайталанады. Сондықтан мамандардың пайымы бойынша, орын алып жатқан оқиғаларды қалыпты жағдай деп қабылдау керек және одан үрейленудің қажеті жоқ.

Тамыз айында киберқауіпсіздікке жауап беретін мекемелердегі қызметкерлер жаппай еңбек демалысына шығады. Осы уақыт аралығында вирустармен жұмыс, оларды бақылау процестері бәсеңдейді. Тағы бір себеп, статистикалық мәліметтер бойынша, жұмыстан қысқарту жұмыстары көбіне тамыз айында жүзеге асады.

DeviceLock DLP зерттеуі бойынша, бұл мезгілде киберқылмыскерлер көп жағдайда жеке тұлғалардың мәліметтер базасын ұрлайды. Екінші кезекте авторлық құқыққа байланысты құжаттар, үшінші кезекте қаржымен байланысқан құжаттар ұрланады немесе зақымдалады екен.

А. Қажиев