Токиода өтетін Олимпиадада тұңғыш рет бет-әлпетті тану жүйесі жұмыс істейді

Токиода өтетін Олимпиадада тұңғыш рет бет-әлпетті тану жүйесі жұмыс істейді
Фото: Shoes Report

Электроника, компьютер техникалары, телекоммуникациялық құрылғыларды жасап шығаратын Жапонияның NEC компаниясы – технология саласы бойынша әлемдегі үздік ұжым. Компанияның хабарлауы бойынша, олар 2020 жылы Жапонияда өтетін жазғы Олимпиада ойындары кезінде қатысушыларды бет-жүзінен ажыртуға мүмкіндік беретін жүйе жасап жатыр.

Бұл сервистің базасына барлығы 300 мың адамның бет-әлпеті алдын-ала енгізіледі. Олардың қатарында жарысқа қатысушы спортшылар, бапкерлер, БАҚ өкілдері, еріктілер құрамы және тағы да басқа Олимпиада ұйымдастыруына атсалысатын адамдардың түрлері енбек. Мұндай жүйе бұрын соңды Олипиада ойындарының тарихында болмаған.

NEC компаниясы ұсынып отырған адамның жүзін тану жүйесі NeoFace жасанды интеллектісінің базасына жиналатын ақпараттармен жұмыс істейді. Негізінде ол бет-әлпеттен бөлек, адамды дауысынан, саусақ таңбасынан да тани алады. Алайда, Олимпида кезінде ол тек суретке қарап тану арқылы жұмыс жасайды.

Жүйе алдын-ала бет-жүзін базаға енгізу арқылы аккредитациядан өткен адамдарды бақылауда ұстап, оларды тексеріп отырады. Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, Токиода өтетін спорт бәсекесі осыған дейінгі Олимпиадалардан өзгеше өтеді. Жаңа технологиялардың енгізілуі Токио Олимпиадасының басты ерекшелігі болмақ. Жарыс алдында спортшылар мен қызметкерлерге арналған арнайы саябақ бой көтереді. Бұл парктің ішкі бөліктері көп болғандықтан, спортшылар бірінші секциядан басқасына өткен сайын жеке құжаттарын көрсетуге мәжбүр болады. Ал, жоғарыда айтқан бет-әлпет арқылы спортшыны тану жүйесі бұл жұмысты біршама жеңілдетеді.

«Біз бұл жүйені ойын барысында қандай да бір келеңсіз жағдайлар болмас үшін жасап жатырмыз. Осыған дейінгі жарыстарда спортшылардың өткізу құжаты арқылы алаңға кіріп кеткен бөгде адамдар болды. Міне, біз осы олқылықтың алдын алуды көздейміз. Бір жағынан, қауіпсіздікті қадағалайтын мамандардың да жұмысы жеңілдейді»,– дейді компания өкілдері.

Таныстырылым кезінде бұл жүйені жасаған мамандар волейболдан Олимпиада жүлдегері атанған спортшыны шақырып, сахнада көпшілік алдында тәжірибе жасап көрді. Бойы 208 сантиметрді құрайтын волейболшының жылдам қозғалысы кезінде камера оны бірден танып, сол мезетте спортшы жайлы толық ақпаратты ұсынды.

2020 жылдың жазында ауа температурасы Жапония аймағы аса ыстық болады деп болжанды. Сондықтан, спортшыларға жайлы жағдай жасау үшін ұйымдастырушылар тиімді амалдар қолданып жатыр. Еске сала кетейік, Токио жазғы Олимпиадасының ашылу салтанаты 2020 жылдың 24 шілдесінде өтеді.

А. Қажиев