Қытайда әлемдегі ең үлкен 3D-принтер жасап шығарылды

Қытайда әлемдегі ең үлкен 3D-принтер жасап шығарылды
Фото: chinadaily.com

Қытайдың Иньчуань қала округінде әлемдегі ең үлкен 3D-принтер жасап шығарылды. 12 үлкен принтермен жабдықталған баспаханада жылына 10 мың тонна өнім басып шығарылады. Бұл дәл осындай өлшемдегі металлургия фабрикасы өндіретін өнімнен 5 есе көп.

Баспахана иесі болған "Kocel Group Limited" компаниясы барлық жұмысты автоматтандыруды жүзеге асыруды жоспарлап жатыр. Зауытта бір ауысымда 8-ақ адам жұмыс істейді. Олар баспа жұмысын бақылап отырады.

Әдетте автомобиль цилиндрін жасап шығаруды бастау үшін қарапайым зауытқа металл құю қалыптары керек. Мұндай бөлшектерді жасайтын маманды дайындау үшін зауытқа кемінде алты ай керек болады екен. Ал 3D-принтер мұндай бөлшекті бар-жоғы бірнеше сағатта жасап шығарады.

Т. Раушанұлы