iPhone смартфонындағы соңғы өзгерістер

iPhone смартфонындағы соңғы өзгерістер
Фото: life.ru, Известия, Marketingfacts

Әлемдегі ең қымбат бренд атанған Apple компаниясы өз өнімдерінде түрлі өзгеріс жасап жатыр. БАҚ өкілдері бұл жаңалықты әлемнің түкпір-түкпірінде жарыса жазды.

Жақын уақытта шығатын үш түрлі "iPhone"-ның экрандары көрсетілді
Белгілі инсайдер Вениамин Гескин твиттердегі парақшасында алдағы уақыттарда жарық көретін үш түрлі iPhone смартфонының экранын көрсетті. Телефондардың алдыңғы бөлігінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Атаулы құрылғының "моноқабақты" экрандары – (5,8), (6,1) және (6,5) дюйм.

Желіде ең қымбат бағамен сатылатын iPhone-ның суреттері жарияланды
Ең қымбат бағамен сатылымға шығатын жаңа гаджеттің сыртқы сұлбасы дәл iPhone Х смартфонымен бірдей. Яғни, "iPhone Х"-тің нарықтағы орнын басатын бұл телефон iPhone 9 Plus деп аталады. Оның бағасы шамамен $999, яғни 345 мың теңгенің айналасында.

Биыл Apple компаниясы Face ID функциясы енгізілген барлығы 91 миллион смартфонды сатылымға шығарады
Қолданушының бет-бейнесін сканерлеу арқылы бұғаттан шығаратын телефондар биыл танымал болды. 2018 жылы осы жүйемен жұмыс істейтін смартфондардың барлығы 103 миллионы сатылады. Соның 91 миллионы Apple компаниясының смартфонына тиесілі болмақ. Ал бұл технологияны пайдаланып жатқан Android-смартфондардың жыл соңына дейін 12 миллионы сатылады. Бұл операциялық жүйеде көбіне Face ID функциясын пайдаланатын Xiaomi Mi8 Explorer Edition және Oppo Find X смартфондары.

А. Қажиев