"Tesla" қызметкерлерінің 9 пайызын жұмыстан босатады

"Tesla" қызметкерлерінің 9 пайызын  жұмыстан босатады
Фото: baomoi.com

"Tesla" компаниясының негізін қалаушы Илон Маск жақын күндері электрокар жасап шығару бойынша кейбір қызметкерлерін жұмыстан босатады. Компаниядағы жұмыстан кететіндердің негізгі бөлігі басқару саласындағы мамандар болады екен.

"Біз шығындарды қысқарту және пайда келтіру жолында ауыр шешімді қабылдадық. Шамамен барлық жұмысшылардың 9 пайызын жұмыстан босатамыз", – дейді Илон Маск.

Қызметкерлерді қысқарту өндіріс қызметкерлеріне қатысты емес. 9 пайыз маман жұмыстан кеткесін, шамамен 37 мың жұмысшы қалады екен. Бұдан бұрын "Tesla"-ның иесі Маск "Tesla Model 3" нұсқасын 35 мың доллардан сату арқылы ғана компанияны банкрот болудан сақтап қалатынын айтқан еді.

Т. Раушанұлы