АҚШ-та әлемдегі ең мықты компьютер таныстырылды

АҚШ-та әлемдегі ең мықты компьютер таныстырылды
Фото: pixabay.com

Осыған дейін, әлемнің ең қуатты компьютері Қытайдың Sunway TaihuLight компаниясына тиесілі еді. Мұхиттың арғы жағындағы құрлықтың өкілдері, дәлірек айтсақ, АҚШ-тың энергетика департаменті жаңа компьютер шығарғанын мәлімдеп, бұл әлемнің ең қуатты комьпютері екенін хабарлады. Қытайлық өнімнің алдына түскен Summit суперкомпьютері «Sunway TaihuLight» компьютерінен екі есе мықты. Құрылғыдағы жүйе қарапайым кеңсе компьютері 30 жылда орындайтын тапсырманы небәрі 1 сағаттың ішінде атқара алады.

Summit суперкомьпютері жалпы ауданы екі бірдей теннис алаңындай жерді алатын 4608 серверлік станциядан тұрады. Жүйе барлығы 3 мың 22 ядерлі IBM Power9 процессорымен жұмыс істейді. 

Қытайдың Sunway TaihuLight құрылғысы осы уақытқа дейін 5 жыл қатарынан әлемдегі ең мықты комьютер атағына ие болды. Алайда, бұл рекордтық көрсеткішті бұзу үшін арнайы жасалған америкалық құрылғы ішкі жүйесіндегі жасанды интеллекті арқылы ерекшеленеді. Дәлірек айтсақ, әлемнің бірінші нөмірлі компьютері медицина, физика және тағы да басқа саладағы күрделі ғылыми тапсырмаларды орындай алады. Тіпті, ауа райын болжайтын бағдарлама да жүйеге енген. 

Summit суперкомпьютерін сынақтан өткізу жұмыстары ұйымдастырылып, барлық әрекет сәтті аяқталды. Сынақты жүргізу барысында эксафлопсон класындағы тапсырмалар шешімін тапты. 

«Егер бұл компьютер жаппай қолданысқа енер болса, медицина саласында шешімін таппай жүрген өзекті мәселелерге нүкте қойылатын еді. Summit осыған дейін «мүмкін емес» деп келген дүниені мүмкінге айналдырады»- дейді Ок-Ридж Ұлттық зертханасындағы есептік биология саласының маманы Дэн Джейкобсон. 

Бүгінгі технология көз ілеспес жылдамдықпен қарыштап дамып келе жатыр. Күн өткен сайын сапа да, сан да артуда. Құдды Төстіктің ертегісі дерсің. Бұл да жақсы шығар. Десек те, әйгілі физик Стивен Хокингтің айтқаны бар еді: «Адамзатты олар өздері жасаған құрылғылар, роботтар басқарып кетеді». Адамзат ақырғы күніне асыққан балаға ұқсап, моласын іздеп жүрген жоқ па? Бетін аулақ қылсын...

Құрметті оқырман! Massaget порталының ең қызықты мақалаларын Telegram мессенджерінен оқыңыз! Рахмет Рақмет!

А. Қажиев