Америкалық жастар "Facebook"-тан бас тартып жатыр

Америкалық жастар "Facebook"-тан бас тартып жатыр
Фото: nv.ua

"Pew Research Center" мамандарының зерттеулеріне қарағанда америкалық жасөспірімдер "Facebook" әлеуметтік желісінің орнына "Snapchat" және "Instagram"-ды пайдалануды артық санайды екен.

Америкадағы 13 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 51 пайызы ғана "Facebook" желісінен пайдаланады. Әлеуметтік желінің белсенділігі 2015 жылғы статистикамен салыстырғанда 20 пайызға түсіп кетті.

Қазіргі күнде америкалық жастардың көпшілігі "YouTube"-тан (85пайыз), "Instagram"-нан (72 пайыз), "Snapchat"-тан (69 пайыз) пайдаланатыны мәлім болған.

Ал, 2015 жылы жастардың 52 пайызы "Instagram"-нан пайдаланса, 41 пайызы "Snapchat"-ты қолданатын болған. Ол кезде "YouTube" каналы бұл статистикаға кірітілмеген екен.

 "Facebook" әлеуметтік желісі табысы орта отбасыларында әлі де белсенділігін жоғалтпаған.

Т. Раушанұлы