"Wikipedia" Айға ұшырылады

"Wikipedia" Айға ұшырылады
Фото: 4pda.ru

"Arch Doundation" коммерциялық емес ұйымы "Wikipedia" интернет-энцикопедиясын Айға жіберуді жоспарлап отыр. Ол үшін порталдағы ағылшын тіліндегі барлық мәліметтер кішкентай металл пластинкаларға көшіріледі.

Жоба авторларының айтуынша біздің өркениетіміз жоғалып кететін болса осы мәліметтер ай бетінде сақталып қалатын болады.

Металл пластинкалар өлшемі 17х17 милеметр, қалыңдығы адам шашынан да жұқа – 20 микрон. Бұл түрдегі пластинкалардың әрбірінің бетіне 8 мың парақ мәлімет жазылады. 17х17х38,1 милиметрге тең топтамаға "Wikipedia"-дағы 30 миллион бөлімді орналастыруға болады екен.

Сонымен бірге "Wikipedia"-дағы басқа тілдердегі ең жақсы мәліметтер мен "Arch Doundation" 1500-ден артық тілдердің дыбыстық нұсқасы түсірілген "Rosetta" жобасын да  айға жібереді.

Барлық мәліметтер түсірілген пластинкаларды 2020 жылға қарай Айға ұшыру жоспарланған.

Т. Раушанұлы