"Apple" акциялары рекордтық дәрежеде өсті

"Apple" акциялары рекордтық дәрежеде өсті
Фото: utmagazine.ru

АҚШ базар нарығындағы ең қымбат технологиялық компания "Apple" акциялары аптаның соңғы күндері рекордтық дәрежеде өсті.

Нью-Йорк биржасында алдымен  187,36 долларға көтеріліп, апта соңында 1,6 пайызға өсіп 190,37 долларға жетті. Бұл компания тарихындағы ең жоғарғы нәтиже.

Нақтылап айтқанда "Apple" акцияларының құны 959 миллиард долларға жетті. Сарапшылардың айтуынша, келесі аптада "Apple" акциялары 1 триллион долларға жетеді.

А. Оралқызы