Google Play Music музыкалық қызметін жабады

 Google Play Music музыкалық қызметін жабады
Фото: indir.com

"Google" компаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін өзінің танымал "Play Music" музыкалық сервисін жабу ниетінде. Оның орнын мүлде жаңа бағдарлама "YouTube Remix" басады.

"YouTube Remix" музыкалық қызметі жайында өткен жылдың аяғында айтыла бастаған еді. Сол кезде жаңа сервис "YouTube"-қа "Spotify" және "Apple Music"-пен бәсекелесуге көмек көрсетеді делінген болатын.

Жаңа бағдарлама "Spotify" бағдарламасына ұқсап пайдаланушыларға тректерді олардың сұрауы бойынша ұсынып отыратын болады.

"YouTube" музыкалық сервисінің басшысы Лиор Коэнның айтуына қарағанда жаңа сервис "Google Play Music" және "YouTube"-тің ең жақсы жақтарын өзіне қамтыған.

Жаңа платформаға компания қашан өтетінін мәлімдемеді. Бірақ, "YouTube" әкімшілігінің соңғы баяндамасында айтылғандай, бұл жайында барлық пайдаланушыларға алдын ала ескерту хаты жіберіледі.

Т. Раушанұлы