SpaceX жаһандық ғаламтор жасамақ

SpaceX жаһандық ғаламтор жасамақ
Фото: vk.com

Америкалық миллиардер Илон Маск басшылық ететін SpaceX компаниясы Starlink спутниктік Интернет желісін құруға Америка Құрама Штаттарының Федералдық байланыс комиссиясының ресми рұқсатын алды.

Осы мақсатта SpaceX компаниясы 12000 Жер серікті ұшыруды жоспарлап отыр. Әзірше тек 4425-і іске қосылды.

SpaceX  бұлардың барлығын бірдей басқаруға рұқсат алу үшін бастапқы міндеттемені орындауы керек. Компания 2024 жылға қарай серіктердің жартысын орбитаға шығарады деп күтілуде. Станцияларды басқаруды 2029 жылғы 29 сәуірден кешіктірмей бастау жоспарда тұр.

А. Оралқызы