Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / SpaceX зымыраны неге сәтсіздікке ұшырады?

SpaceX зымыраны неге сәтсіздікке ұшырады?

SpaceX зымыраны неге сәтсіздікке ұшырады?

Америкалық миллиардер Элон Маск басшылық ететін SpaceX компаниясының кезекті жобасы сәтсіздікке ұшырады. Айта кетсек, компанияның Dragon жүк тасымалдаушысы Falcon 9 зымыранын Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жеткізуі тиіс болған. Жоба АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш айлағында жүзеге асырылды. Зымыран алғашқы екі минут жоспарлы тәртіпте жүріп, сосын зымыран бағыты өзгеріп кетеді. Нәтижеде SpaceX компаниясы осымен жетінші рет шығынға батып отыр.

Компания басшысы Элон Маск өзінің Twitter аккаунтында жарылыстың себебін түсіндірді. Оның жазуынша, Falcon 9 зымыраны екінші бөліктегі сұйық сутектің жануынан жарылған.

Бұл ғарыш апаты ХҒС-на бағытталған соңғы он айдағы үшінші сәтсіздік болып отыр. Атап айтқанда өткен жылдың күз мезгілінде Orbital Sciences компаниясының зымыраны мен Росғарыштың «Прогресс» зымыраны апатқа ұшыраған болатын. Falcon 9 зымыраны Халықаралық ғарыш станциясында еңбек етіп жатқан Михаил Корниленко, Геннадий Падалки және Скотт Келлилерге қажет азықты жеткізуі тиіс болған.

NASA басшылығының хабарлауынша, станцияда әзірге ғарышкерлерге 24 шілдеге дейін жететін азық бар. Ал 3 шілде күні Байқоңыр ғарыш айлағынан жүк жеткізу мақсатында «Прогресс-М28М» ұшырылу жоспарланған. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: pantip.com
Қосылған күні: 30 маусым 2015, 13:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.