Жерге ғарыш аппараты құлайды

Жерге ғарыш аппараты құлайды
Фото: newsone.ua

Қытайдың бірінші ғарыштық автомат станциясы «Тяньгун-1»(tiangоng-1) наурыздың 31-і мен сәуірдің 4-і аралығында жерге құлайды деп күтілуде. Қытай ғарыш агенттіктерінің мәлімдеуінше ғарыш аппаратының дәл қай күні құлайтынын дөп басып айту мүмкін емес.

Алғашқы есептеулерге қарағанда станция 42,8 солтүстік ендік пен 42,8 оңтүстік ендік аймағына құлауы мүмкіндігі күтілген болатын. Бұл – Африка, Оңтүстік Еуропа, Шығыс Азия, Таяу Шығыс пен Дағыстан аймақтары болуы мүмкін. Ғалымдар апаттың салдарынан тұрғындардың  зардап шегуі мүмкіндігі аз деп отыр.

«Қалыпты жағдайда ғарыштан ұшып келетін ірі нысандардың 20-40 пайызы ғана жерге дейін жетеді. Бірақ, жетем дегенше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетеді. Бұл тұрғындардың зардап шегу қауіптілігі жылына екі рет найзағай соққандығымен бірдей» деп мәлімдеді Еуропадағы ғарыш қоқыс қалдықтарын бақылаушы Хольгер Краг. 

Алдымен Қытайлық ғарыш агентігі «Тяньгун-1»-ді 2017 жылдың соңында ғарыш атмосферасында жанып кетеді деп ойлаған, кейін станция 2018-дің көктеміне дейін жұмыс істейтіні анықталған.

Т. Раушанұлы