Ғарыш жайлы деректер

Ғарыш жайлы деректер

 

  • КСРО мен АҚШ арасындағы бәсекелестік Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғарыштық бақталастыққа алып келді. Екі жақтың әрқайсысы ғарыш технологиясындағы жетістіктерімен ерекшеленіп қалуға тырысты.
  • Жер шарының үштен бірі «Аплатон 11» кемесінің айға қонуын теледидардан тамашалаған.
  • Ғарышта жалпы 300-ге жуық адам болған.
  • Кеме Жерден ұшып кеткенде ішіндегі бар зат салмақсыздыққа ұшырайды, бекітілмеген заттар ауада қалықтап жүреді.
  • Басқарылып отырған кеменің ішіндегі ауа әрдайым айналдырылып, тазартылып отырады.
  • Кейбір скафандрлар 15 қабат түрлі материалдардан жасалады. Бұл ғарышкерді сыртқы әсерлерден қорғап, сақтап тұрады.
  • Ғарышта ең ұзақ болған - орыс ғарышкері Валерий Поляков. Ол «Мир» ғарыш айлағында 1994 жылдың қаңтар айынан 1995 жылдың наурыз айына дейін 417 күн 17 сағат болған.
  • АҚШ азаматтары Марк Ли мен Джуди Дэвис «Эндевор» шаттлында 1992 жылы неке қию рәсімдерін өткізген бірінші жұп.
  • Кеңес одағынан ең алғаш ғарышқа жіберген иттер болса, америкалықтар сынақ үшін маймылды жіберген екен.
  • Тарихта қайтыс болған ең бірінші ғарышкер Валентин Бондаренко. Ол КСРО ғарышкерлерінің бірінші тобында болып, 1961 жылы, 23-наурызда дайындық кезінде өз қателігінен өрт шығарып, қайтыс болған.
  • Ғарышта болған ең бірінші әйел – Валентина Терешкова (1963 ж.)
  • Google компаниясы айға қонып, 500 метр аумағындағы айдың бетін түсіріп, Жерге тікелей репортаж жасай алатын аппарат ойлап тапқандарға 30 млн $ премиясын тағайындаған.

Сурет: bestreferat.ru

A. Mustafina