«ВКонтакте» желісінде жаңа қызмет пайда болды

«ВКонтакте» желісінде жаңа қызмет пайда болды
Фото: vedomosti.ru

Мессенджерлердің жыл санап қолданыс аясы артып келеді. Жастар да, орта буын да мессенджерлерді еркін қолданады. Сондықтан, олардың арасындағы өзара бәсекеде арта түскендей. Себебі, олардың даму қарқыны жылдам әрі жаңа қызмет түрін енгізуден алдына жан салмайды. Енді «ВКонтакте» желісінде жіберген хабарламаңызды қайта өндеу мүмкіндігі туды.

1

Хабарламаңызды жіберген сәтіңізден бастап бір тәуліктің ішінде жөндей аласыз. Бұл қызметті браузер арқылы пайдалана аласыз. Егер ұялы телефоныңыз Android жүйесі арқылы жұмыс жасаса, жолыңыз болды дей беріңіз. Өйткені, iOS бағдарламалық жүйесіне бұл өзгеріс әлі ене қоймады.

2

Компьютердегі браузерлерді қолданатын болсаңыз, «жөндеу» қызметі қарындаш түрінде бейнеленген. Өңделген мәтіннің жанына «өнд.» (ред.) деген белгі шығады. Өткен күндердегі хабарламалрды өзгерту мүмкін емес.

Т. Есқали