Motorola өз экранын өзі жөндейтін телефон үлгісін ұсынды

Motorola өз экранын өзі жөндейтін телефон үлгісін ұсынды
Фото: vk.com

Motorola компаниясы болашақта "авторемонт" функциясы бар телефондар шығармақ.

Ондай телефондар өз экранын өзі жөндейді. Бұл туралы жаңа телефон үлгісі патенттелгеннен кейін белгілі болды.

Ол әдіс "зақымдалған жерлерді анықтап, экран бетін қалпына келтіру" принципі бойынша жұмыс істейді. Оның қалай жұмыс істейтіні туралы тұтынушыға телефонның өзінде берілген нұсқаулықтар көрсетіп тұрады.

"Жөндеу жұмыстарын" арнайы Motorola қосымшасы арқылы ісеуге болады.

Енді телефонның қолданысқа шығарылуын күтеміз.

А. Оралқызы