"Цифрлы Қазақстан" жобасына 4 жылда 384 млн қаржы жұмсалады

"Цифрлы Қазақстан" жобасына 4 жылда 384 млн қаржы жұмсалады
Фото: http://wallpapers.99px.ru

"Цифрлы Қазақстан -2020" мемлекеттік жобасын іске асыруға жұмсалатын жалпы шығын 384 220 402,23 мың теңгені құрайды. Бұл туралы аталған мемлекеттік жобаның арнайы сайтында жарияланған. 

Қаражат 4 жылға жоспарланған:

2017 жылға– 25 216 594,67 мың теңге
2018 жылға – 102 188 928,31 мың теңге
2019 жылға – 94 856 663,59 мың теңге
2020 жылға – 161 958 215,66 мың теңге

Сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады.

Бағдарламаның қарапайым тұрғындарға пайдасы мынадай: ол мемлекеттік қызметтерді сапалы және шектеусіз алуға; ашық деректерді қолдануға; елдің өміріне белсенді қатысуға; электронды сауда мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қызметтер мен тауарларды ғаламтор арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Бағдарлама халықтың цифрлық технология арқылы білім мен денсаулық сақтауға кең және кедергісіз қолжетімділік беру арқылы тұрмыс сапасын жақсарту мүмкіндігін береді, мамандарды даярлауға және қайта даярлауға, сондай-ақ еңбек нарығында жаңа жұмыс орындары мен жұмыспен қамту түрлерінің пайда болуына жағдай тудырады. Ал кәсіпкерлер үшін пайдасы: Бағдарлама экономика салаларының дамуынан көп игілік алуға; мемлекеттік қызметтермен өзара іс-қимыл жасауға қажетті уақытты қысқартуға; инфокоммуникациялық инфрақұрылымдарға қолжетімдікті алуға мүмкіндік туғызады, ол елдің шағын және орта бизнесті дамыту үшін мүмкіндік береді. 

Бағдарлама мына салаларды дамытуға бағытталған:

1. Цифрлық Жібек жолы – ауылдық елдімекендерде интернетке кең жолақты қолжетімдікті жүргізу арқылы жоғары технологиялық цифрлық инфрақұрылымды құру; телекоммуникациялық хабты дамыту; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; деректерді өңдеу орталықтарын салу және т.б.

2. Креативті қоғам – халықтың цифрлық сауатын көтеру арқылы адами капиталды дамыту, инфокоммуникация технология саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру, креативті тұрғыдан ойлауды дамыту және т.б.

3. Экономика салаларындағы цифрлық қайта құру – елдің көлік-логистикалық жүйесін автоматтандыру арқылы цифрлық индустрияны дамыту; ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп саласына цифрлық технологияларды енгізу; энергия үнемдеу және энергия тиімділік саласына талдау жүйесін енгізу; электронды сауданы дамыту; минерал ресурстарын есепке алу жүйесін жақсарту; геологиялық цифрлық ақпараттың сақталуын дәне қолжетімділігін қамтамасыз ету; ақылды қалаларды құру үшін технологияларды іске асыру; және т.б.

4. Белсенді мемлекет – электронды және мобильді үкіметті одан әрі дамыту арқылы цифрлық үкіметті құру; электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді кӛбейту; ашық үкіметті қалыптастыру; кеңістік деректерінің ұлттық инфрақұрылымын дамыту және т.б.

М. Оңғарова