Sega ойыны смартфондарға жүктелетін болды

Sega ойыны смартфондарға жүктелетін болды

Ностальгия  соңғы уақытта ұтымды маркетингтік қадам болды. Кино мен сәннен бастап барлық қоғам салаларын қамтыған 90-шы жылдарға деген сағыныш видеоойындарға қатысты болып отыр. Sega компаниясы осы орайда сол жылдардың жастарына жақсы таныс ойындар легін қайта шығаруды қолға алмақ. Жапониялық компания ойынды Sega Forever деп атайтынын хабарлады. Оның құрамына Sonic The Hedgehog, Altered Beast, Shinobi, Road Rash және басқа да ойындар кірмек. Олардың Sonic The Hedgehog, Altered Beasts, Phantasy Star II, Comix Zone және Kid Chameleon деген түрлерін қазірдің өзінде-ақ тегін жүктеп алуға болады. Ойындар әр екі апта сайын жаңарып отырады.

А. Оралқызы