- Негізгі бет
- Техно
- HTC 10 смартфоны...
HTC 10 смартфоны қандай болады?
HTC компаниясы 2016 жылы жаңа флагмандық смартфонын ресми түрде таныстырды. HTC 10 жаңа смартфоны былтырғы жылғы М-сериялық (соның ішінде, М9) және былтыр күзде шыққан A9 смартфондарының дизайндық элементтерін үйлестірген. Компания сөзіне сенсек, олар тұтынушылардың өтініштерін ескере отырып, жаңа аппаратты өңдеуге 12 ай жұмсаған.
Құрылғы quad HD Super LCD 5 (2560 x 1440 пиксель) 5,2-дюймдік дисплеймен жабдықталған. Компанияның айтуынша, жаңа смарфонның экранындағы түстер былтырғыға қарағанда 30 пайызға қанық. Дисплейді Gorilla Glass қаптамасы қорғайды, шеттері жайлап жұмырланған және дисплей құрылғаның металл жақтауына қадалғандай көрінеді.
HTC 10 аккумуляторының сыйымдылығы 3000 мАсағат және ол екі күн стандарттық жұмыс істеуге жетеді. Жаңа смартфон USB Type-C порты арқылы стандарттық зарядтау Quick Charge 3.0 көтереді.
HTC 10 оптикалық тұрақтандыруы бар 12-мегапиксельдік негізгі сенсормен жабдықталған және қараңғы жерлерде суреттер сапалырақ шығуы үшін f/1.8 тесігі бар. Дұрыс жақрықтандыруды қамтамасыз ету үшін камераға екі есе LED-жарқыл (вспышка) және автофокустың екінші буынды лазер жүйесі көмектеседі. Сонымен қатар, камера видеоны 4К пішімде түсіріп, 24-биттік сапалы дыбыспен сүйемелдейді. Жаңа смартфонның алдыңғы камерасы 5 мегапиксельге өскен.
Келесі айдан бастап жаңа HTC 10 смартфоны сатылымға 699 доллар бағамен шығады. АҚШ сауда орталықтарында екі түсте (қара және күміс) сатылса, әлем саудасында оған алтын түс қосылады. Жапонияда қосымша қызыл түс те ұсынылады.
А. Жапатова