iPhone7 смартфонын құлатып аламын деп қорықпаңыз

iPhone7 смартфонын құлатып аламын деп қорықпаңыз
Фото: naked-science.ru

Sonitdac дизайнері Apple өнімінің келесі буынына тұжырымдама ойлап тапты. Басты ерекшелігі сыртқы келбетінде емес, Parachute System жүйесінде болып тұр. Тұжырымдама авторының ойынша, осы жүйенің арқасында iPhone7 смартфонын қолдан түсіріп аламын деп алаңдамасаңыз болады. 

Соңғы шыққан iPhone 6s смартфоны көптеген краш-тесттен өтпей қалды. Әрине, асфальтқа құлап, сынбай, аман қалатын смартфондар аз кездеседі. Алайда Sonitdac дизайнері арнайы осындай жағдайдан қорғайтын Parachute System деп аталатын iPhone 7  смартфонының жаңа технологиясын ұсынып отыр.

Смартфон акселерометр және гироскоптың көмегімен абайсызда құлау туралы деректі тіркеп, құлауды баялулататын пневматикалық қозғалысты қосады. Нәтижесінде қандай да бір ғаламшар бетіне ғарыштық құрылғы қондырылғандай, смартфон да жерге баяу түседі. 

Sonitdac  төмендегі видеода  пневматикалық амортизация жүйесімен жабдықталған iPhone 7 смартфонының қалай құлайтындығы көрсетілген. 

А. Жапатова