Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Apple-дің ең сәтсіз өнімдері

Apple-дің ең сәтсіз өнімдері

Apple-дің ең сәтсіз өнімдері

10 қыркүйек күні Apple компаниясы iPhone телефондарының бірден екі жаңа нұсқасын таныстырған болатын: жаңартылған iPhone 5 пен аталған смартфонның бюджеттік нұсқасы. Apple компаниясы пайда болғалы күннен бастап бүгінгі уақытқа дейін көптеген өнімдерді жасап шықты, алайда олардың бәрі сәтті таныла бермеді.

Сонымен, гаджет шығарумен айналысатын әлемнің ірі компаниясы Apple-дің сәтсіз өнімдерімен таныссақ.

2009 жылы Apple iPod-тың үшінші буынын шығарды. Бұл әрдайым сізбен сөйлесетін батырмасы жоқ шағын плеер еді. Бір түсініксізі, дұрыс басқаруы жоқ гаджетке ондаған мың ақша жұмсаудың не қажеті бар? Адамдардың көбі ән тыңдағанда тректі атымен іздейді емес пе? Ал iPod Shuffle иелері белгілі бір тректі тыңдап тұрғандарын хабарлайтын компьютер даусына құлақ салуға тура келді.

G4 Cube – бұл да бір түсініксіз модель. Қомақты сома – мың жарым доллардан аса ақшаға компания тіпті мониторы жоқ компьютер сатпақ болған. Аталған гаджеттің дизайнері Джонатан Ив болыпты. Мас-тың мықты процессоры өте кішкентай көлемдегі кубқа  салынған. Оның көлемі небары 8х8х8 дюйм. Құрылғының қарапайым кубтық дизайны Стив Джобсқа қатты ұнаған деседі, сонымен қатар, сыншылар да Apple инженерлерінің өте шағын жерге мықты есептеуіш құрылғыны сыйдырып жібергендеріне қайран қалған. Алайда сатылымдар айтылған мақтауларға сәйкес болмаған. Cube бар болғаны бір жыл ғана шығарылды – 2000-нан 2001-ға дейін, сосын Apple осы модельдің шығарылуын тоқтатқан болатын.

Apple-дің домалақ тышқаны тіпті тарихтағы ең нашар гаджет ретінде есептелінетін көрінеді. Apple Hockey Puck тышқанымен Bondi Blue iMac моделін жабдықтапты. Домалақ дизайн қалай болса да эргономикалық деп атауға келмейді, батырмаларын басуға күш салу керек. Бұл тышқан бар-жоғы ерекше дизайн үшін жасалып шығарылған. Нәтижесінде жарыққа шыққаннан кейін екі айдан соң домалақ тышқан дүкен сөрелерінен мәңгілікке жоғалып кетті және ол жайлы әңгімелер тек түрлі тарихтағы ең нашар гаджеттер тізімдерінде кездеседі.
Apple TV  (2007 жыл). Стив Джобс «компания хоббиі» деп атаған өнімдердің бірі. Көлемі 20х20 сантиметр болатын Apple TV Мас-тың қысқартылған нұсқасымен басқарылды және өте қымбат болды – 350 доллар – және ешқандай функция ұсынбаған еді. Apple TV iTunes-тен видео ойнауды ғана білетін. Ол фанаттардың тек логотипі үшін сатып алатындығын өнімнің айқын мысалы болды.

Асқан қымбаттылығы үшін көп сатыла қоймаған өнімдердің бірі iPod Hi-Fi болды. Ол 2006 жылы нарықта iPod жетістігінен соң жарыққа шығады. Apple басшылары iPod-пен бірге қолдануға болатын iPod Hi-Fi акустикалық стереожүйені шығарған. Оның құны 349 долларды құрады. Нәтижесінде жаңа гаджеттің құны өзінің танымалдылығына қарсы келген соң, Apple iPod Hi-Fi-ды өндірістен алып тастаған болатын.

Осы тізімге 2008 жылы таныстырылған тұңғыш MacBook Air де кіріп отыр. Себебі – баяғы сол қымбат баға және CD, DVD-дисководының жоқтығы. Сондықтан басқа компьютерге немесе қосымша дисковод сатып алуға тура келетін. Себебі 2008 жылы Mac App Store әлі пайда болмаған-ды, сондықтан компьютерге арналған бағдарламалық қамсыздандыруды интернеттен жүктеу айтарлықтай оңай болмаған еді. Ал макбуктың сол кездегі құны 1800 долларды құраған болатын. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vologda.kp.ru

2108 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 17 қыркүйек 2013, 16:07
Тегтер: MacBook Prо, Apple, iPhone,
Пікірлер
+0
17 қыркүйек 2013, 16:43

ұлыларда қателеседі дейсің ғой

+0
17 қыркүйек 2013, 17:30

есесіне жақсы дүниелер де шығарды

+0
17 қыркүйек 2013, 17:50

қандай? :?

+0
17 қыркүйек 2013, 17:38

Айфонның өзіне әндерді жүктей алмайсың, сол жағы ыңғайсыз ғой.

+0
17 қыркүйек 2013, 22:06

жаман екен гой Айфон деген :P :P :P

+0
18 қыркүйек 2013, 09:41

айфон сонда да гэлэксиге жетпейтін сияқты боп көрінеді маған

+0
18 қыркүйек 2013, 20:38

Домалақ тышқан ұнап тұр маған :roll:

+0
20 қыркүйек 2013, 03:26

бұлар тұрмақ, макбукқа үйрене алмай қойдым, құрсеееен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев