Гаджеттен көз алмай жүретіндерге арналған жол белгісі

Финляндияда ұялы құрылғылардан көз алмайтын жүргіншілерге арналған жол белгісі пайда болды.

Қызыл-сары үш бұрышты белгіде қалта телефонымен келе жатқан адамдар бейнеленген. Жол белгісі Мунккиниеми қаласының орталығында тұр. Оны жергілікті креативті топ ойлап тауыпты. Бұған сол топтың өкілі Якоб Сэмплердің (Jacob Sempler) бірде қалта телефоннан көз алмай келе жатып, көлік астына түсіп қалуы себеп болған. Артынша мұндай жағдайдың қайталануын ескерткісі келген кәсіпкер бұл белгіні көшеге орнатқызыпты.

Дереккөз: 24.kz