Суретші қалта телефондарынан көлік құрастырды

Суретші қалта телефондарынан көлік құрастырды
Фото: 24.kz

Тайвань аралынан шыққан суретші Лин Ши-Пао соңғы айларда іске асырған ерекше жобасын ұсынды.

Қытайлық суретші Formula 1 жарыс көлігін жиырма бес мың қалта телефонынан құрастырып шығарыпты. 

Идеясын іске асыру үшін Лин Ши-Пао 30 мың доллар жұмсаған. Суретші бұрын қолданыста болған телефондарды жинау үшін 4 жыл уақытын жұмсаған. Жалпы Лин-Ши Пао өнері арқылы қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосуды көздейді. Ол Тайвань аралында дүниеге келіп, АҚШ пен Жапонияда жоғары білім алған. Суретшінің жұмыстары әлем музейлерінде қойылған.

 Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы