"Поток" жобасының негізін қалаушы Мағжан Тілеухан мен танымал әнші, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова шаңырақ көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"13.06.2023 - біздің отбасымыздың туған күні" - деп жазды олар өздерінің инстаграм парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"Сүйіктілерім, махаббатқа сеніңіздер, өз адамымды кездестіремін деген арманыңызға сеніңіз, бәрі шынымен орындалады", - деп жазды актриса сторисінде.
Еске салайық, бұған дейін Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен бірге түскен фото, видеоларын салып, көпшілікке сүйіктісі туралы айтып берген болатын.
Сондай-ақ нумеролог Әсел Сәдуақасова мен 7 жас кіші жігітінің қатынасына талдау жасағанын жазғанбыз.
А. Жапатова