Сүйікті тамағыңыздан бас тартпай-ақ артық салмақтан арылуға бола ма?

Сүйікті тамағыңыздан бас тартпай-ақ артық салмақтан арылуға бола ма?
Фото: depositphotos.com

Сүйікті тамағыңыздан бас тартпай-ақ артық салмақтан арылуға болады. Мұндай пікірді терапевт, диетолог әрі нутрициолог Арина Мамина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның пікірінше, салмақ тастағанда ең маңыздысы - калория тапшылығын сақтап, тұтынғаныңыздан көбірек энергия жұмсау. Дәрігер рационның 80 пайызы құнарлы және пайдалы тағамнан, ал 20 пайызы дәмді тағамнан тұрса, салмақ тастауға болатынын айтты.

Оның сөзінше, қатаң диета артық тамақтануға әкеп соғады, егер адам кейде өзіне тәтті жеуге рұқсат берсе, оған жоспарды ұстану оңайырақ болады.

"Сізге күніне екі мың килокалория қажет болса, онда 1,6 мың килокалориясы пайдалы тағам, ал 400 килокалориясы балмұздақ, чипстер немесе бургер бола алады", - деп мысал келтірді ол.

Сондай-ақ, маман пікірінше, таңертең сұлы жармасын, түсте көкөніс қосылған тауық етін, кешке бір тілім пицца жеуге болады.

Еске салайық, бұған дейін диетолог Мелисса Чанг көптеген адам салмақ тастау кезінде бірдей қате жіберетінін айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget